Гостиницы в Алматы
2017-01-27 01:51:21 31 0

MJA Entertainment промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы болашақ карьерасы туралы пікір білдірді деп хабарлайды Vesti.kz.

"Дәурен және Данияр Елеусіновтер ресейлік боксшы Сергей Коволевтің бұрыңғы бапкері Дерик Сантостың қол астында жаттығады. Сондай-ақ, олардың әкесі Марат Елеусінов те жаттығу ісіне қатысады.

Данияр Елеусінов өте ақылды спортшы. Ол бокс элитасының қатарына кіруді ойлау керек. Болашақта Мэнни Пакьяо және соның деңгейіндегі мықты боксшылармен жұдырық түйістіруді мақсат тұтуы керек",- деді Майк Алматура.

Данияр Елеусінов - Рио олимпиадасында алтын медальға қол жеткізді. Әуесқой бокстағы карьерасын аяқтап, MJA Entertainment компаниясымен келісімге келді. Сондай-ақ, бокстан ұлттық құрама өкілі әрі Рио олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко да кәсіпқой боксқа ауысты.

Пікір жазу