Бірнеше апта бұрын әнші байқау жариялап, “Қайда?” әнін үздік орындаған жанға 100 мың теңге табыстайтынын айтқан еді. Оны естіген тыңдармандар жаппай Еркенің әнін орындап кетті. 3-4 жасар бүлдіршіндерден бастап, ақыр аяғы ер азаматтарға дейін “хитке” айналған әнге кавер нұсқа түсіріп, желіге жүктеді. Алайда көпшілігінің еңбегі еш кетті. Себебі жеңіске Әминә есімді бүлдіршін жетті.
«Сайыстың жеңімпазы – осы кішкентай бүлдіршін деп шешіп отырмын! “Неге?” деген сұрақ туындаса, 3 күн еңбекпен, дәл менің клипімдей клип түсірген Әминаның отбасына респект! Ақылды қыз! Толық нұсқасын ютубтан көре алады екенсіздер! Құтты болсын! Барлық қатысушыларға алғыс айтамын! Бақытты болыңыздар!” – деп жазды әншінің өзі.