Гостиницы в Алматы
2014-08-07 22:16:56 2079 0

Fendi  –  бүкіләлемдік  танымал бренд. Теріден жасалған киімдер, аксессуарлар, әшекей бұйымдары, парфюм өнімдерін шығаруға мамандандырылған сән үйі. Классикалық италяндық сән эталоны саналады. Компания LVMH (Louis Vuitton Moet-Hennessy) холдингі құрамына кіреді.

Өткен ғасырдың 1925-жылы, отбасылық жұптар, Эдуардо Фенди (Edoardo Fendi) және Адель Фенди (Adele Fendi) өздерінің, Римдегі былғары өнімдерін сататын дүкеніне Fendi деген жаңа атау береді. Әйгілі Fendi сән үйінің тарихы осылай басталады.

Fendi логотипі - екі FℲ әрібін Карл Лагерфельд жасаған. Қазіргі кезде, дизайнер Карл Лагерфельд (Karl Lagerfeld) әйел-қыздар киімдері бағытында, Сильвия Фенди (Silvia Fendi) ерлер киімдері мен аксессуарлары бағытында жұмыс жасайтын, сән үйінің, дүние жүзінің бірнеше елінде, 100 ден артық дүкендері бар.

Жақында, осы танымал италиялық Fendi сән үйі, балаларға арналған күзгі-қысқы топтама шығарды. http://www.fendi.com/Бұл топтама, бастауыш сынып оқушысы жасындағы балаларға арналған болып, маусымның ең сәнді түстері мен киім үлгілері қолданылған. Сондықтан, балаларын жаңа оқу жылына дайындап бастаған ата-аналарға Fendi топтамасын көруді кеңес береміз.

                         1. Классик үлгідегі балалар киімдері

                       

   2. Серуендеуге киетін балалар киімдері

3. Мерекелік үлгідегі балалар киімдері

Пікір жазу