Гостиницы в Алматы
2017-01-23 14:05:01 589 0

Британиялық The Sun басылымы қазақстандық боксшы қыз Фируза Шарипованың физикалық дайындығы мен сұлулығын жоғары бағалады деп хабарлайды Sports.kz.

"Фируза Шарипова - қазақстанның ең әдемі спортшысы. Ол боксқа жаңа леп алып келді. Оны бір көрген адам "осы қыз біреуді ұрады-ау" деп ойламайды. Борат туралы ұмытыңыз. Қазақстанда Бораттан да жақсырақ басқа дүниелер бар. Ол - мына боксшы қыздың формасы. Бұл пікірмен Бораттың өзі де келісетін шығар. Көпшіліктің айтуынша, Фируза Шарипова модель бизнесі мен спортты қатар алып жүріп ала алады. Шариповада періштенің жүзіндей сұлулық бар. Бірақ, ол бокс қолғабын киген соң бірде-бір соққы жібермейді",-деп жазды The Sun басылымы.

Фируза Шарипова бокстан Қазақстан чемпионында төрт рет жеңіске жеткен. Қазір кәсіби боксқа ауысқан. Үш кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жеткен және біреуін тең нәтижемен аяқтаған.

Пікір жазу