Гостиницы в Алматы
2017-07-08 09:09:08 50 0

WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварестің жекпе-жегіне билеттер кездесудің өтуіне екі айға жуық уақыт қалғанда түгел дерлік сатылып кетті. Бұл жайында dodasport.kz мәлемдеді.

Головкин мен Альварес 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы 21 мың адам сыятын T-Mobile аренасында кездеседі. Қазіргі уақытта 20 мың билет сатылып кеткен. «Билеттер жылдам сатылып жатыр. Соңғы деректер бойынша мыңға жуық қана билет қалған», — деп хабарлайды Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес ESPN-ге берген сұхбатында.

Айта кетейік, билет бағасы 300 доллардан басталады.

Пікір жазу