Гостиницы в Алматы
2017-02-18 12:42:44 165 0

АҚШ-тың Уилмингтон қаласында 17 ақпан күні (Қазақстан уақыты бойынша 18 ақпан) Қанат Ислам мен бразилиялық Робсон Ассис арасында жекпе-жек өтті. Бірінші раундта Қанат Ислам қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. 

Бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Fedelatin атақтарына ие қазақстандық боксшы үшін бұл жеңіс кәсіби бокстағы 23-жеңісі болды.

Кездесудің толық видеосы:

Нокаут сәті:

Қанат Исламның екпе-жектен кейін сөйлеген сөзі:

Боксшының Қазақстанға жолдаған арнайы сәлемі:

16 ақпан күні боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өтіп, Қанат Ислам баспасөз мәслихатын ұйымдастырған болатын.

Қанат Ислам-Робсон Ассис кездесуі американдық кіші Рой Джонс пен Бобби Гунның арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткен болатын.

Рой Джонс қазақстандық боксшыға қатысты пікір білдіріп, оның әлем чемпионы болатынына сенімді екенін айтқан еді.

Ислам-Ассис кездесуінің алдында қазақстандық әнші Жанар Дұғалова өнер көрсетті.

 

Пікір жазу