Еске сала кетейік, кездесу кіші Рой Джонс пен Бобби Гунның арасындағы жекпе-жектің андеркартында өткен болатын.
Жекпе-жекке дейін алдында Жанар Дұғалова: "Көк туды желбіретіп, қазақтың атын шығарып жүрген Қанат Исламды өте қатты құрметтеймін. Оның ұлтжандылығы әр жасқа үлгі. Әр қазақ Қанаттың жанкүйері. Жекпе-жегін көріп, жеңіс тілеп, тақым қысып отырады. Нәзік жанды болсам да мен де батырымыздың жекпе-жектерін көремін, жанкүйер боламын. Ол тек бокс емес. Ол жерде қазағымыздың намысы мен абыройы тұрады. Елдің атын әлемге танытып, кәсіпқой бокста әлі жеңілмеген Қанат Исламның жекпе-жегінде ән айту мен үшін үлкен бақыт. Қазір арнайы киім тіктіріп жатырмын. Әрине, қазақы стилде. Бұйыртса 10 күннің ішінде АҚШ-қа ұшып, 1-2 күн шоудың алдын ала дайындықтарына қатыспақпын. Жеңісті күндеріміз көп болсын! Мен бұл жолы да Қанаттың жеңетініне сенемін" - деп пікір білдірген болатын.

Пікірлер