Гостиницы в Алматы
2017-01-05 15:47:00 13 0

105 жастағы француз Робер Маршан велотректе рекорд орнатты. Қария сағаттық жарыста өзінің жас категориясында рекордсмен атанды, деп хабарлайды Baq.kz. 

 Сен-Кентен-ан-Ивлиндегі велодромда қарт спортшы бір сағат ішінде 22 шақырым 528 метрді жүріп өткен.

«Бүгінгі жетістігім соңғы емес деп ойлаймын. Менің мәре алдындағы спуртқа да күшім қалып еді», - дейді велошабандоз.

2014 жылы 102 жасында Робер Маршан бір сағатта 27 шақырымды артқа тастап, рекорд орнатқан болатын.

 

 

Пікір жазу