Гостиницы в Алматы
2017-01-06 10:51:39 17 0

Қазақстан чемпионатында алтынға таласатын «Астана» мен «Қайрат» еліміздегі ең қымбат клубтары деп аталды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Бұл ретте Transfermarkt.de деректеріне сүйеніп, екі клубтың жалпы нарықтық бағасы бір-бірімен шамалас деуге болады. Ал үшінші орындағы «Ордабасы» клубы ойыншыларының жалпы нарықтық бағасы жоғарыда аталған екі клубтың жарты бағасына да жетпейді.

Бірақ қазір - қысқы трансфер кезі. Клубтарымыз өз құрамын толық жасақтап үлгерген жоқ, яғни әлі де толықтыра түседі. Ендеше, бұл көрсеткіштер өзгереді. Жалпы, дәл қазір transfermarkt.de сайтында Қазақстан премьер-лигасындағы 12 команда сапында 282 ойыншы тіркелген. Футболшылардың орташа жасы - 27,2. Сырттан келген легионерлер саны - 75. Ал премьер-лигамыздың жалпы нарықтық бағасы - 95 миллион 730 мың еуро.

 

Пікір жазу