Гостиницы в Алматы
2017-01-06 11:37:01 694 0

Қазақстандық актриса Үндістанға көшіп кетті

Актриса Айсұлу Әзімбаева Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен деп хабарлайды Stan.kz.

Актриса өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы соңғы жаңалықтарымен бөлісті. Ол Үндістанның Ауровиль қаласына көшіп кеткен екен. Аталған қала Үнді мұхитына жақын.

“Мен өзіме нәсіп етілген жердемін. Мұхиттың жанына көшіп бардым. Бұл жерде күн судан шығады. Әзірге Ауровиль қаласында тұрамын. Күн сайын намаскар жасап, би билеймін, мұхиттың даусымен ұйықтайтын боламын. Тек табиғи таза өнімдерді тұтынып, ойсыз-қамсыз күй кешемін”, – дейді Айсұлу Әзімбаева.

Актриса осы уақытқа дейін 30-ға жуық елде болған. Сонымен қатар, Кавказ тауының ең биік жері "Әльбрус" шыңын да бағындырып үлгерген.

Пікір жазу