Гостиницы в Алматы
2017-04-14 19:14:33 139 0

Алматыда жергілікті тұрғындар бірнеше мәрте шағым түсіргеннен кейін лаундж-бардың иесіне әкімшілік жаза тағайындалды. Бұл жайында tengrinews.kz сайты хабарлады.

   Алматы әкімдігі “Sivi” Lounge Bar-ының үстінен сотқа арыз түсірген. Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Бостандық ауданындағы Әуезов 128, № 20 пәтер мекенжайындағы құрылыс иесінің үстінен арызданған.

Ал осыған дейін лаундж-бардың басшысы мекеменің шын мәнінде әнші Сиви Махмудидің иелігінде екенін растаған еді. Оның айтуынша, мейрамхананың рұқсат қағазы болған.

“Тексеріс кезінде, пәтердің қайта жабдықталғаны, № 20 пәтердің және №16 тұрғын үйдің адам тұрмайтын алаңын бөлме аралық қабырғаларын демонтаждау жолымен өзгертілгені белгілі болды”, – делінген хабарламада. “Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 сәуірінде Басқарма Бостандық ауданындағы №20 пәтерге заңсыз енгізілген құрылыс өзгерістерін сүру туралы Алматының аудандық сотына арыз түсірді”, – деп көрсетілген.

Осы дерек бойынша кәсіпкер айыпты деп танылып, 520 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 179 880 теңге сомасында айыппұл салынған.

Пікір жазу