Гостиницы в Алматы
2017-02-01 19:05:16 66 0

Алматыда өтіп жатқан Универсиада-2017 шарасына осы уақытқа дейін 66 елден 2100-ден астам қонақ келді. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 1 ақпандағы статистика мәліметтерінде айтылады.

Шекарашылар келген қонақтарды Алматының белгісі апортпен қарсы алуда. Хабарламада көрсетілген ақпаратқа сәйкес бір әуе рейсі жолаушылары үшін паспорт бақылауын және тіркеуді ұйымдастыруға 20 минут уақыт кетеді екен.

Шекара қызметі жалпы алғанда Алматының 30 мыңдай шетелдік турист пен қонақ күтіп алатынын айтады. Мұндай ақпаратты осыған дейін Универсиада дирекциясының басшысы Наиль Нұров та келтірген болатын.

Универсиада-2017 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында жүреді.

Пікір жазу