Гостиницы в Алматы
2016-12-25 13:24:13 81 0

Өзінің үлкен спорттан кететінін хабарлаған танымал боксшы Флойд Мейвезер жаттығу кезінде таразыға өлшеніп, салмақ ауыстырғанын көрсетті деп хабарлайды Vesti.kz

Лас-Вегастағы соңғы жаттығуларының бірінде таразыда салмақ өлшеген экс-чемпион 72,57 келіні құрады. Бұл өз кезегінде қазіргі таңда қазақстандық Геннадий Головкин айқасып жүрген орта салмақ дәрежесіне сай келеді.

Бұрын Головкин Мейвезермен айқасу үшін бірінші орта салмаққа түсуге дайын екендігін бірнеше рет айтқан. Бірақ, Мейвезер қазақстандық боксшы америкалық Андре Уордты жеңсе ғана онымен рингке шығуға дайын екенін мәлімдеген еді. Сондай-ақ, батыстық БАҚ өкілдері Мейвезер Головкинмен болатын жекпе-жектен қашып, ортаға Уордты салып жатыр деп санайды.

 

Пікір жазу