Сән & дизайн

Безеуден құтылғыңыз келсе…

Бұл жазбада біз сіздерге беттегі безеуден үй маскалары арқылы қалай құтылуға болатынын баяндаймыз.

 Беттегі безеуді кетіруге табиғи маскалардың көмегі әжептәуір екені ешкімге сыр емес. Мұнда масканың құрамындағы өнімдердің табиғилығы басты рөл атқарады. Сонымен  маскалардың жасалу үлгілерімен танысайық!

Безеуді емдеуге арналған балдан жасалған тиімді маска

ывы.jpgвы

Масканы дайындау үшін қыша балын не жөке балын қолдануыңызға кеңес береміз. Шұңғыл ыдысқа 50 г бал, 50 г зәйтүн майын, 1 жұмыртқа сарысын қосып араластырыңыз.  Бетіңіздің безеу шыққан орындарына қалың етіп жағып, 20 минутқа қалдырыңыз, сосын жылы сумен жуып, крем жағыңыз. Бал маскасы бетті жұмсартқыш, жасартқыш қасиетке ие.

 Тазартқыш және нәрлендіргіш банан маскасы

Піскен бірақ қара дақтары өте аз банан таңдаңыз. Оған 1 ас қасық зәйтүн майы мен кез-келген нәрлендіргіш 3 ас қасық кремін қосып, араластырыңыз.

Оны бетке 15 минутқа қалдырып, маска қатқан соң, лимон шырыны қосылған қайнаған жылы сумен жуып тастаңыз.

 Бетті құрғататын безеуге қарсы ас ашытқысының маскасы

Маскаға қосатын ас ашытқысының барынша балғын болғанына көңіл бөліңіз. 1 ас қасық ас ашытқысын 1 ас қасық жылы суға езіңіз, оған  ¼ шай қасық бал мен 1 шай қасық жылытылған сүт қосып, араластырыңыз. Дайын болған масканы бетте 15 минут ұстап, артынан жылы сумен жуып тастаңыз. Ас ашытқысының маскасы безеуді өте жақсы емдейді, бет терісін құрғатып, ондағы зат алмасуды реттейді. Бұл масканы күнара, жатарда жасап тұруға кеңес береміз. Бұл маскаға аллергияңыз бар-жоғын алдын-ала тексеріп алуыңызды ескертеміз.

 Безеуге қарсы ақуыз маскасы

яырвцрви1

     Бұл өте қарапайым, қолжетімді әрі жақсы әсер ететін безеуге қарсы маска. Алдымен, жаңа туылған тауық жұмыртқасын табыңыз. Жұмыртқаны жарып, ақуызын сарысынан бөліп, ақуызды ақ көбікке айналғанша араластырыңыз. Бетіңізде 20 минут ұстап, жылы сумен жуып тастаңыз. Бұл масканы сондай-ақ терідегі ұсақ тесіктерді тегістеуге, қызыл дақтарды кетіруге, бет терісін жасартуға қолдануларыңызға кеңес береміз.

Майлы теріні құрғататын картоп маскасы

48578-150x150 ывы.jpgвы

Бұл маска — безеуді емдеудің тиімді халықтық үлгісі. Табиғи заттардың орнын синтетикалық өнімдер баса бастаған уақыттарда да, біздің ата-әжелеріміз сұлулықтарын сақтау үшін халықтық әдістерді ойлап тауып, қолданған, және сол әдістерге қолданатын заттарды алыстан іздемей-ақ, күнделікті тұрмыста қолданып жүрген картоп сияқты өнімдердің пайдалылығын көре білген. Аршылған, орташа картопты майдалап турап, кішкене тұз қосып, жұмыртқаның ақуызымен араластырасыз. Оған 1 шай қасық зығыр майын қосып, бетіңізге 10-15 минутқа қалдырып, жылы сумен жуасыз. Сосын өзіңіздің бетіңізге қолданып жүрген, майлы теріге арналған лосьонмен сүртесіз.

      Сонымен, сіздерге беттегі безеуден құтылудың халықтық бірнеше әдістерін ұсындық. Бет – адамның айнасы! Өз айналарыңызды жарқыратып, сұлу көрсете біліңіздер, достар!

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_24558

Қазақ қыздарының сәні 100 жылда қалай өзгерді

1 008 рет оқылды06.03.2016
photo_24484

Дизайнер Алматыда 4,7 миллион теңгеге сауда жасаған ер адамның талғамына баға берді

1 857 рет оқылды03.03.2016
1456828128ipl4u

Балнұр Асанова Мәскеу сән апталығына қатысады

196 рет оқылды02.03.2016
attends the 88th Annual Academy Awards at Hollywood & Highland Center on February 28, 2016 in Hollywood, California.

Оскар-2016. Жұлдыздардың ең үздік көйлектері

875 рет оқылды29.02.2016
74091-b6622-73554787-u17e73

Кристиан Диордың сүйікті моделі қазақ қызы болған

689 рет оқылды24.02.2016
абзал

Қазақстандық дизайнер Абзал Исса Беков Лондонда өз коллекциясын таныстырды

350 рет оқылды23.02.2016