Бұл ақпаратты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы да растады. Бейжіңде 2008 жылы алынған допинг-сынаманы қайта зерттеу нәтижесінде тыйым салынған зат алтын алған Илья Ильиннің, үшінші орын алған ресейлік Хаджымұрат Ақаевтың қанынан табылды. Ол кезде Шимон Колецки екінші, Грузияның атынан шыққан Арсен Касабиев - төртінші орынға ие болған еді. Енді олар, тиісінше, алтын, қола жүлделерді алады.
Илья Ильин 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Бірақ оның допинг-сынамаларынан тыйым салынған заттар табылып, жүлдесін қайтаруға тура келді. Сондай-ақ, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедовалар да 2008, 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарындағы алтындарын допинг тексеріске байланысты қайтарып берді.