Өнер жұлдыздары ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды

Өнер жұлдыздары ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды

15.12.2014 0 пікір 450 рет оқылды

Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен салтанатты түрде марапаттады.

Марапатталған құрметті азаматтардың қатарында әдебиет және өнер саласындағы бірнеше азаматтар бар. Атап айтсақ танымал театр және кино актері, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі А.Әшімов I дәрежелі «Достық» орденінің иегері атанды. Осы орайда Елбасы: «Асанәлі Әшімовтей тұлғаларды жас буынға ұлт зиялысы ретінде үлгі етуіміз керек»,-деді.

Сондай-ақ, талантты актер Азамат Сатыбалды, әнші Меруерт Түсіпбаева, композитор Медет Салықов, «Бәйтерек» тобының әншісі Сайлау Камиев сынды өнер жұлдыздарына «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. Сонымен қатар, әнші Саят Медеуов ҚР Мәдениет және Спорт Министрлігінің Жарлығымен «Мәдениет саласының үздігі» атанды. Ал талантты әнші, «Серпер» сыйлығының иегері Тамара Асар 12 желтоқсан күні «Құрмет» орденімен марапатталды.

10859916_612647878857206_1454885274_n
10818956_612647685523892_2038340552_n

10872224_612647705523890_162987885_n
10841707_612647778857216_1707191600_n
10859374_612652408856753_491024458_n
10863667_612653122190015_1964987314_n
10847126_612657215522939_687898204_n

Суреттер әлеуметтік желілерден алынды

0 пікір

Соңғы жаңалықтар

Абай Бегей: «Мен бұл әнді Роза апамыз үшін емес, халық үшін жаздым!»

Естеріңізде болса, осыдан бірнеше апта бұрын Nur.kz сайты халық әртісі

Лақпа айтыс қайта жалғаспақ

Қоғамның қызу талқысына арқау болған, тіпті қазақтың төл өнері айтыстың

Динара Қырықбаева жаңа бейнебаянның тұсауын кеседі

Әнші Динара Қырықбаева келесі аптада жаңа бейнебаянның тұсауын кеседі. Жаңа

Сауалнама

Біздің сайттың қай бөлімін көп оқисыз?

Нәтижелері

Жүктелуде ... Жүктелуде ...

Мұрағат