Гостиницы в Алматы
2016-03-30 07:41:44 2249 30

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт қоғамда кең талқыға түсіп жүрген "91" тобына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Baistars.kz.

"Ерболат Беделxанға айтарым: Он жылдан астам таңдаған жолынан жаңылады, табанды еңбек етіп, бір күн-көл, бір күн-шөл болатын нәсібін бүкіл тобына жұмсап жүрген Ерболатқа орнымнан тұрып қол соғам. Оған да кезінде қанша адам лап беріп, "мына істеп жүргенің қате" деген еді, ол өзінің мақсатынан бас тартқан жоқ. Біржақты қыңырлық, стереотиптік сана-дамудың жолы емес. Әсіресе өнерде!" - деп жазды Дана Нұржігіт Инстаграмдағы жеке парақшасында.

Бұдан кейін тележүргізуші қарша бораған сынға ерекше сабырлық танытқан Ерболатты қолдайтынын жеткізді. "Зайытовтың "91" тобының сырт келбетін сынап, тіл тигізіп, "жиіркенемін" деген ауыр сөзін сабырлықпен тыңдап, жұдырық ала жүгірмей (оны істесе де түсінер едім) миығынан ғана күліп қойып эмоцияға, ашуға жол бермей жауап беріп отырған Ерболат мен үшін оппонентінен әлдеқайда жоғары, мәдениетті" - дей келе, осы сын арқылы продюсер тобын шыңдап алды дегенді айтады. "Ол қол астындағы топты осылайша спарингке шығарып алды. Мұздай душтың астына тұрғызды. Сынады. "...Шыдайсың ба менімен достасуға,

Жалаң аяқ су кешіп, тас тасуға", деп Мұқағали ақынша серіктестеріне сұрақты төтесінен қойды. Шаш өсер, бояуы жуылар, трико шалбар боп өзгерер. Бірақ, арақ ішіп, есірткі тартып есірмеген, өнерде өз жолын іздеп, өсіп келе жатқан жастарды осыншама талап, мүсіркетіп "мен сияқты костюм шалбар кимейсің ба, шашты дұрыстап қысқартпайсың ба?" - деп жер шұқытып қою, қаз-қаз тұрып келе жатқан балаға,"неге жүгіріп кетпейсің?" дегенмен тең" - дейді тележүргізуші.

Бұдан кейін ол "91" тобы сияқты көрермен бір кездері "А-студионы" да түсінбегенін айтты. "Конформистер қашан да болған, бола да береді. Оларды тыңдасақ, елден ерек, алыстан асау мінезін білдіретін ұзын шаш қойған әнші, ақындарымыз - Батырxан, Жарасқандар, Қадірлар қайда бізге? Конформистерді тыңдасақ, сыған қызы Карменді операның бас кейіпкері етіп, көрерменнің ызасын тудырған Бизе тумас еді. "Жалаң аяқ сығанның сайқалын операға арқау еткен дарынсыз" деген жаман атқа қалған Бизе бүгін ел ауызындағы классик. "Арайдан" кетіп, "Алма-Ата студио" болған Серкебаев Байғалидің өзі мұндайды бастан өткерген. АХБК сарайының концерт залындағы алғашқы премьерасынан xалық тұрып-тұрып кетіп қалған. Түсінбеген. Шашы жалбыраған жігіттер, майкішең тұрып ән салған Батырxанды біреу еске алса, сол біздер. Біздің ұрпақ. Айта берсе көп қой".

Сондай-ақ Нұржігіт сынаса намысқа тиіп емес, мәдениетті сынауды ұсынды. "Өнерде ұқсастықтан жаманы жоқ! Сынасақ "жиіркенемін" деген адами намысқа тиетін, көшедегі бетжыртыстың лексиконына сүйеніп емес, конструктивті, мәдениеттану деген ғылымға жүгініп отырып дәйекті дәлел келтіріп отырып сынайық!" - деді Нұржігіт.

Айта кетейік, күні кеше ғана "91" тобы көпшіліктің сынына қарамастан тарамайтынын мəлімдеген болатын.

Пікірлер

  • Жузи
    Дұрыс айтасыз Дана Нуржігітқызы!
  • Лиза
    Оте дурыс айтасын ,Керей урпагы ешкашан мойымаган жауынада карсы тура билген!!!
  • Аноним
    несине дурыс айтады, шоу бизнеста бирге жургеннен кейн колдайдыда. Ринат Зайытов агамыздын айтканына косыламын, менинде улым осип келе жатыр осындай сымактарга еликтеуин каламаймын.
  • Мырзабек
    Тіл ол адамның бет бейнесі! Сырт кел бетіне карап емес, сөйлеген сөзіне карап айтуға болады, кім қандай екенын! Менымше Ринат қандай екенын көрсетіп берді! Оган 91дын тугы кеткен жок!
  • Əр айтар сөзді терең ойлап айту керек. Ринат пен Төреғали қызба мінезді, ақылдары таяз екенін көрсетті.Ордаға шығармашылық табыс тілеймін.
  • Дана ханым дұрыс айтасыз.
  • самат
    Дана оттамасын. Ерболат данага солай айт деп акша толеген шыгар. Казакты осындайлар куртады.
  • Курметти Жастар, батыстын цивилизациясын аламыз деп, Канализациясына тусип кетпендер! Мухтар Шаханов агамыздын айтканы рас-ау!!!
  • Меруерт
    Жалпы, "жігіт", "еркек" деген атқа лайық болған дұрыс қой. Ұлымның "қызтеке" болғанын емес, Ринат сияқты салмақты болғанын қалаймын. Ninety one тобы əрине қазіргі біздің қоғамға, кəріс жігіттеріне "ғашық" боп жүрген біздің бойжеткендерге жаңалық шығар, бірақ бұл - мəңгілік құндылық емес. Ертең-ақ бір-біріне еліктеген жастар арасында мұндайлар қаптап кетеді де ешбір қадірі болмай қалады... Кім қалай қабылдайды өз еркі, дегенмен біздің менталитетке тура келмейді!
  • Шайтандарға дұрыс əрине!
  • Қазақбала
    Дана xаным! Сіздің ойыңызға келісу ақымақтық өзіңіздің балаыңздыда осылардың арасына қосып жібермейсізба)
  • Аноним
    Қыртыңбайлар өз басым қатын сияқты еркекті көрсем жыным қозады Дана xаным қателесесіз
  • Қазақ бала
    Айтарда сәл ойлану кк деп ойлаймын ДАНА ХАНЫММЕН КЕЛІСКЕНДІК АҚЫМАҚТЫҚ БҰНДАЙ ТОПТЫ КӨРСЕМ ҚАЗАҚ ДЕП МОЙЫНДАҒЫМ КЕЛМЕЙДІ
  • Kazakstan
    Дана xаным оттапсыз сізді де оқыған көзі ашық дейді ау
  • Абзал Ж Т
    Дана апа бундайы догару керек. Ул тарбиелемесениз не болса соны айтпау керекко. Ерболат елди аздырмай токтат бундайды. Акшага тирелсе ешектин котенин жуу. Сени колдайтындар кобейеди. Тилим елим диним деп келген болсан.
  • Ринат агамнын айтканы дурыс
  • Кызтеке мналар ерболатыда 91 да
  • Бір Қазақтың баласымын
    Жетіскен екенбіз əншілерге трансексуалдар
  • A.s
    Ринат дурыс айтты:"Хадистен"-далел келтирип! Енди ким сол Хадиске карсы келсе,Ол сол шайтандардан болганы!
  • Айжан
    Дане Нұржигитке не болған ???!!! Осы да топ болып па? Құдай сақтасын ...
  • Силам
    Сол дау тудырған сырғаңы алып тастауға болмайма
  • онер деп журип, кыз бен жигитти айыра алмай,казак екенимизди умытып кетпейик!онерли болса кай жагынан болса да жарып шыгуга болады.
  • Ольга
    Вообще то "91" тобынын жигиттеринин сырт келбетин озгерту керек.... Они похожие на кореецам больше чем самим казахам.. они же ведь не корейцы.. так же???? Или я ощибаюсь?!
  • Беке
    Дана , сізбен келіспеймін !!!
  • Дурыс айтады. Косыламын. Топтын жактаушылары куннен кунге кобейп келеди. Отец таланты топ. Беделхан алыстан коретин, проф продюсер #1 .
  • Айя
    Торегали озин дурыстап алсын е уйленгенин е уйленбегенин ози билмейд. "Шамалы уйленгем" диди. Ол не сози. Создан Кейн мен торегалидан жииркенетин болдым
  • ҚҰрманғазы
    Ерболат расыменде сабырлы екен, Ерболаттың орнында Ринат болса шыдамас еді, негізі адамгенршілік тұрғыдан, адами тұрғыдан , мәдениетті сөйлеу керек, сынап ,мінеп ештене таба алмайды,
  • Dana hanim aytti goi shash hisharar , boyau osher dep , be optimist ,be positive kazakstantsiiiii
  • Жулдыз
    Жыным кайнайды сол топка онын кай жерин унатып отыр тусинбейм Дана ханымды...Кызтеке тектес болып кетпесе жарар еди болашакта балаларымыз. Алла сактасын. Айткан анинин созин окындаршы интернеттен карап жай ангиме айтып откан адам сиякты бааассссым ауырат деееп. Созин кай акымак жазган екен а?
  • бари бир емес
    Негип осы биз батыстын когилдир жели есип турганда осындайдын иiсiнде жолатпауга тырыспаймыз?! Мен ешкимди когилдир деп тургам жок бирак сонын леби есуде... Соны алдын алуга шакырам.

Пікір жазу