Гостиницы в Алматы
2017-04-27 16:57:01 76 0

    «Меломен» тобының бұрынғы әншісі, қазір жеке орындауында «Уәде қайда?», «Айзере», «Кінә, кінә»  әндері бар Жігер Ауыпбаев «Хабар» телеарнасындағы «Кел шырқайық» бағдарламасына қатысқан болатын. Бағдарламада Авраам Руссоның «Далеко-далеко» атты әнін орындаған болатын.

Сол бағдарламадан соң, бірге ән айтқысы келетінін білдіріп, инстаграм парақшасына видео үзінді салған Жігерге Авраам Руссодан жақсы жауап келген.

 Бұл жайында әншінің өзі  парақшасында: «Жақында @khabartv арнасында өтіп жатқан @kelshyrkaiyk_khabartv бағдарламасында сүйікті әншім АВРААМ РУССОНЫҢ "ДАЛЕКО-ДАЛЕКО" әнін орындаған едім. Және сол видеоның үзіндісін инста парақшама салып,дуэт айтқым келетін ниетімді білдірген едім. Күтпеген жерден сүйікті әншім маған назар аударып ( @avraamrusso ) дәл осындай пікір жазады деп ойламадым. Өте қуаныштымын. Мен үшін сізбен бір саxнада ән айту арманымның бөлшегі. Өнеріңізді құрметтеймін»,- деп жазды.

Пікір жазу