Сонымен, Баландиннің қоржынында – екі алтын және бір қола медаль бар. Бұл жүлделерді спортшы 100, 200 және 50 метр қашықтықта жеңіп алды. Бұл туралы sports.kz хабарлады.
29 маусым күні Баландин 100 метрге жүзуден жеңіске жеткен еді. Ал екінші алтын медальді жарыстың соңғы күні, яғни 2 шілде күні қанжығасына байлады. Қашықтықты ол 2 минут 14,19 секундта бағындырды. Екінші орын тағы бір қазақстандық спортшы Айбек Камзеновке (2:16.55), ал үшінші орын болгар азаматы Лачезар Шумковқа (2:18.22) бұйырды.
Айта кетейік, Баландин 14-30 шілде аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына да қатысады.