Шоу-бизнес

Тәуекел Мүсілім: «Негізгі мамандығым — инженер-механик»

-Тәуекел жақында ғана екі бейнебаяныңыз көрерменге жол тартты, көрермен қалай бағалауда?

-Біріншісі көбісінің көңілінен шықты, екіншісіне көптеген сындар айтылып жатыр. Шыққанына бір-екі күн болды, соның өзіне «ұнаған жоқ, ән мен бейнебаян сәйкес келмейді» деп жатыр. Енді миллион адам бар, миллион пікір бар оның әр қайсының көңілінен шығу мүмкін емес, оны өзімде білемін. Сүрінбейтін тұяқ, жаңылмайтын жақ жоқ, әрине қателіктерді түзетеміз. Жақсы дүниелер әлі алда.

- Алдағы күндері көрерменге дайындаған тартуыңыз бар екен, яғни тағы да жаңа бейнебаян түсіріпсіз. Құпия болмаса қандай?

-Дүйсенбі күні түсірдік, жоспарымыз араға бір апта салып көрерменге тарту ету. Жаңа жылға арналған жаңа жылдық ән. Бейнебаянға өзімнің өнер жолындағы достарым түсті. Сол себепті өте көңілді, сәнді шығады деген ойдамыз.

-Әннің авторы кім?

-Ол жағын продюсерім Жанна ханым өзі реттеп жатыр. Менің білетінім сөздерін Асқар Дүйсенбі деген азамат жазады. Ал, оранжировканы Украинаға жасатып жатырмыз.

-Көрермен өзіңізді модель ретінде таныды, сән әлеміне қалай келдіңіз?

-Жақын досым әрі ағам Данияр Бишматов деген жігіт, ол бұрыннан модель болып жұмыс істейтін. Менің туған әпкемде модель болған. Әпкемді бірде үйге шығарып салып келе жатқанында  алдынан кездесіп қалдым. Сол кезде Данияр мені модель болуға шақырды. Алғашында ойым модель жігіттер қызтеке сияқты болады деп ойлайтынмын. Даниярды көріп таң қалдым ұзын бойлы, денелі сымбатты жігіттер де модель болады екен-ау деп. Ол кезде бойымыз бірдей бірақ, мен арықтау болатынмын. Қызығушылық танытып бардым, көрдім. Бірінші байқауында үш дизайнерге өтіп кеттім. Бәрі содан басталды.

y_21a22f43

-Негізі қай саланың маманысыз?

-Машина жасау инженер-механик негізгі мамандығым. Өз салам бойынша оқуды бітіргеннен кейін екі жыл жұмыс жасадым. Оған қоса модельдікті және жүргізушілікті қатар алып жүрдім. Жаныма қайсы жақын екенін салыстырып жүрдім. Шоу бизнеске келмес бұрын менің мінезім тұйық болатын, жұрттың алдына шығып сөйлей алмайтынмын, шықсам қобалжып терлейтінмін. Өнер жолына түскеннен кейін бәрі реттелді.

-«Махаббатым жүрегімде» сериалына кастингпен келдіңіз бе, әлде шақыртумен ба?

-Кастингпен емес. Сериалдың бас режиссерымен біз бір жаттығу залына барамыз. Киім ауыстыратын бөлмеде кездесіп қаламыз, мен ол кісіні танымайтынмын, өзі келіп амандасып өзін таныстырып, телехикаяға түсу жайлы сұрады және ұсыныс білдірді. Ұсынысынан бас тарттым. Ол уақытта мен продюсерім Жанна Абуовамен бірге әншілікке бет бұрып, дайындалып жатқан болатынмын. Телехикаяның бас режиссеры Асқар мырза  Баян Мақсатқызымен сөйлесіп, менің продюсеріммен сөйлесіп түсірілімге бір-екі күн қалғанда мені басты рольге бекітті.

-Өзіңіздің көңіліңізден шықты ма өзіңіздің роліңіз?

-Өзім көріп қатты ұялдым.  Мына жерде неге былай ойнамадым, мына жерде мынандай сезімде болу керек еді деген сияқты. Өмірімде ешкіммен ұрсып көрмеген едім, әкеммен ұрсатын жер қиын болды. Себебі, мен әкесіз өстім.

-Кино аяқтала сала ән жазып, бейнебаян түсірдіңіз. Бұл көрермендерді таң қалдырайын дегеніңіз бе? «Модель болып жүрген еді, киноға түсті енді, әнші болып кетті» дегендей  пікірлер естідіңіз бе?

-Әрине қазіргі уақытқа дейін айтады, өзімде естіп жүрмін. Даусы жоқ,не үшін айтады, қалай әнші болады деп. Бәрі аспаннан салбырап түспейді, бәрі еңбектің арқасында болады. Кезінде мен де әншілерді менсінбейтінмін, олар фонограммамен айтады, өтірік нәрсе, өтірік дүние деп. Өзім қазір өнер әлеміне  келіп көргеннен кейін, шыны керек мен әр әншіні сыйлайтын болдым. Себебі, бұл өте үлкен еңбек.

-Достарыңыз, таныстарыңыздың арасында  «Тәуекел сенің сырт келбетің әдемі, сол себепті шоу бизнесте жүрсің» деп айтатындар көп шығар?

-Иә, олар айтпаса да өзім білемін. Көп жерде сырт келбетім алып кететін. Кейбіреулерге түр бермейді,басқа нәрсені үйіп-төгіп беруі мүмкін. Ал маған құдай түр берді, енді қалғанына еңбекпен жетуге болады.

Сұхбаттасқан: Думан Гүлбаршын

Пікірлерді оқу (4)

4 пікір

  1. Гаухар

    22.12.2014 , 20:52

    Тауекел сухбатты тамаша берипсиз кыска да нуска . Жауаптарыныз бари орынды. Осы бетинизден кайтпаныз. Апайлык тилек деп кабылдарсыз!!!

  2. Молдир

    23.12.2014 , 00:36

    Алла берген бак деп билиниз, омиринизде боп жаткан саттиликти, ешкашан озгеден болинбей аса шалкайманыз!

    • Бакытгул

      27.12.2014 , 17:56

      керемет тек алга мен сизди люблю

  3. Альбина

    06.01.2015 , 15:26

    Салеметсизбе! Маган негизи сиздин клиптеринизде андеринизде катты унады . Сизге саттилик тилеймин! !☆☆☆

Шоу-бизнес
2 070 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

CYMERA_20150202_191520

Алтынбек Рахметов: «Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған!»

422 рет оқылды02.02.2015
oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

1 321 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

724 рет оқылды31.01.2015
photo_13321

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

613 рет оқылды30.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

273 рет оқылды29.01.2015
10958735_637901902998470_1284487326_n

Қайрат Нұртас Дәулет Болатовқа продюсер болды

2 296 рет оқылды29.01.2015