Шоу-бизнес

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

«Қазақфильм» киностудиясының жаңа президенті тағайындалды. Ол — Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, ақын, сценарийші, кинорежиссер, қазақ әдебиетінің атақты аудармашысы Бақыт Қайырбеков.

«Қазақфильмнің» жаңа басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының мәдени саясатындағы ең өзекті міндеттер» деген тақырыпта өткен брифинг барысында таныстырылды. Бақыт Қайырбеков журналистерге қазір Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы 10 сериялық көркем және деректі фильм түсіріліміне дайындық жұмыстары жүріп жатқаны туралы айтты.

«Ол (фильм — Автор.) — біреу, тек 10 бөлімнен тұрады. Біздің тұңғыш рет тек албырт қана Әбілқайыр немесе Абылай мынандай болған демей, көшпелі өмірдің ерекшелігі туралы кеңінен айтып, біздің көшбасшылардың көрші мемлекеттерде болып жатқан жағдайларға байланысты қарсы тұра алған саясатының рөлі қандай болды және осы негізде Қазақ хандығы қалай құрылғаны туралы көрсетуге мүмкіндігіміз бар. Біз бұл мемлекетті құруға не себеп болғаны туралы айтқымыз келеді», — деді «Қазақфильм» президенті.

Айта кетейік, Бақыт Қайырбеков — Мәскеудегі Максим Горький атындағы Әдебиет инcтитуты мен КСРО-дағы Госкино атындағы сценарийшілер мен режиссерлардың жоғары курстарының түлегі. Ол өсіп келе жатқан ұрпаққа арналған бірнеше өлең жинақ пен кітаптың авторы: «Көшпенділер әлемі. Қазақша этикет» және «Қазақ тілінің қызықты этимологиясы». Бұған дейін «Білім және Мәдениет» телеарнасын басқарған. Махамбет Өтемісов сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Бірге жеңдік» ІІІ халықаралық телекинофестивалінде «316-ая стрелковая» кинолентасымен гран-приді иеленді.

Еске сала кетейік, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының бұрынғы президенті Ермек Аманшаев 2014 жылы желтоқсанда Астана әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол студияны 2008 жылдан бастап басқарды.

Tengrinews.kz

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

CYMERA_20150202_191520

Алтынбек Рахметов: «Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған!»

322 рет оқылды02.02.2015
oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

1 260 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

685 рет оқылды31.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

258 рет оқылды29.01.2015
10958735_637901902998470_1284487326_n

Қайрат Нұртас Дәулет Болатовқа продюсер болды

2 246 рет оқылды29.01.2015
6MNLZPGkTO0 (1)

Кәмшат Жолдыбаева түрлі образда

2 516 рет оқылды28.01.2015