Кино & театр

Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті

Тұңғыш рет қазақ актерлерінің ішінен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының актері, ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті. Театр актері «Марко Поло» фильмінде негізгі рөлдердің бірін сомдады. Фильм атақты саяхатшы-жиһанкез Марко Поло жайында. Актер Шыңғысқанның сенімді серігі, генерал Аруканың рөлінде ойнады. Фильм Малайзияда түсірілген.

Осыған дейін Айдос Бектемір «Жаужүрек мың бала», «Ағайындылар» фильмдерінде де бірнеше рөлді сомдаған. Кезекті фильмге актер ойламаған жерден түскен. Бұл жөнінде Айдос Бектемір сұхбатында «Көктемде артистер арасында «Голливудтан арнайы топ келіп, кастинг өткізеді екен» деген әңгіме жүрді. Киноға өз басым көп түспегендіктен, аса мән де бермедім. Бір күні ойда жоқта Наташа есімді қыз хабарласып: «Марко Поло» сериалына артис таңдап жатырмыз. Сіздің театрыңыз-дан да актерлер қатысуда. Ертең келіңіз» деді. Ертесіне барғанымда, шетелдік ре-жиссер мен фотограф қабылдап, суретке түсіріп алды. Фотосынамадан кейін режиссер маған жұдырығын көрсетті. Онысын қалай түсінерімді білмей, тосылып қалсам керек, мені шақырған Наташа: «Режиссер сізді ұнатып жатыр» деді күліп. Одан кейін де шақырды. Іріктеу өтетін бөлмесінде режиссері, суретшісі, операторы, тағы да басқалары бар, ұзын саны жиырма шақты адам отыр екен. Мұндай кастингті бірінші көруім, қатты таңғалдым. «Қазақфильмде» екі-үш адамның ғана қабылдауынан өтсең, бұлар тұтас шығармашылық топпен бірге отырып, актер іріктейді екен. Есіктен ене бергенім сол еді, бәрі орындарынан атып тұрып, өз тілдерінде амандасты, сасқанымнан «Уағалейкумассалам! Рақмет, рақмет…» деп жатырмын. Шыңғыс ханның сенімді серігі, генерал Аруканың образына ену керектігін түсіндіріп, қолыма мәтін берді. Өзімді аттың үстінде отырғандай сезініп, ағылшынша мәтінді оқып бердім. Бәрі риза болып, қол шапалақтап шығарып салды. Көп ұзамай, Голливуд киносына түсуге мүмкіндік алғанымды айтты. Сенер-сенбесімді білмей, абдырап қалдым. Алғашында, түсірілім күзде басталатынын ескерткен. Алайда, уақыты өзгеріп, жазда Малайзияға ұшып кеттік. Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстанның актерлері өтпей қалған Аруканың рөліне, Алла бұйыртып, қазақ елінен мен өтіп кеттім»,-деп айтып кетті.

8-8

74fd36dee1940fd3f7206ef81d8a8a0f

thumb_700x394_0fecd7cb2eab4a742dd16a7b6baec89c

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. Beka

    17.01.2015 , 23:47

    керемет сериал! керемет актер!

Бөлімнің басқа жаңалықтары

8c92e24adb29976fb5ffd5de751d73b7

Белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов көмекке мұқтаж

882 рет оқылды27.01.2015
10942275_636048306517163_53828452_n

Досжан Табылды: «Менің кумирім — Брюс Ли»

547 рет оқылды25.01.2015
10893476_569362949866352_923922038_n

10 образдың 10 сөзі

517 рет оқылды24.01.2015
Unfriended

Тимур Бекмамбетов көрермендерді тағы да таңқалдырмақ

2 358 рет оқылды20.01.2015
10898151_779731252101149_613165687693047147_n (2)

Ақан Сатаевтың жаңа фильмі жарыққа шықты

1 951 рет оқылды09.01.2015
08060fb03b6c6bd9f1a4bb60a0d7808a

Нұртас Адамбаев пен Аружан Джазильбекова комедиялық фильмнің басты рөлін сомдайды

1 228 рет оқылды04.01.2015