Кино & театр

Досжан Табылды: «Менің кумирім — Брюс Ли»

Бүгін би өнеріне 9 жасынан бастап қадам басқан, балет өнерінің тарихында Спартак образын сомдаған ең жас балет әртісінің бірі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Досжан Табылдының туған күні. Талантты балет бишісі 30 жасқа толды.

Досжан Бақытжанұлы Табылды 1985 жылы 25 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Селезнев атындағы Алматы хореография училищесін үздік бітіріп шықты. 2005 — 2006 жылдары Оңтүстік Корея, Суджиун өнер университеті және балет группасының жетекші солисті болды.

2004 жылы Жас балет әртістерінің халықаралық байқауының дипломанты, арнайы үш сыйлықтың иегері атанды. «Ең талантты», «Әртістік шеберлігі үшін», «Көрермендер көзайымы» сияқты номинациялармен марапатталған. 2007 жылы Халықаралық I Корей балет байқауының жеңімпазы. 2008 жылы Рудольф Нуриевтің 70 жылдық мерейтойына арналған балет әртістерінің халықаралық байқауының жеңімпазы атанған. Сонымен қатар, бірнеше рет лауреат атанған. 2007 жылы «Халық батыры» республикалық сыйлығының еліміздің әлеуметтік және қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін «Мамандық мақтанышы» аталымы бойынша лауреат. 2006 жылы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. 2006 жылы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының «Жаңа есім жаңа үміт» аталымы бойынша лауреаты атанды

Балет өнерін кеңінен насихаттап, еліміздің намысын өзге елдерде қорғап жүрген талантты балет бишісін бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз. Театр әртісіне зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық табыстар тілейміз!

Осы орайда Досжан Табылдының сұхбаттарында айтқан қызықты да мәнді әңгімелерін назарларыңызға ұсынамыз.

Досжан Табылды өмірде ең бірінші байлық ретінде уақытты аса бағалайды. «Өмірдегі баға жетпес байлық-уақыт. Уақытты ешқашан кері қайтаруға болмайды. Сондықтан уақытты дұрыс пайдалану керек. Себебі, жұмысқа да, демалуға да уақыт жетуі керек. Жұмыс күндері бар күшті жұмысқа салып, ал демалыс күні жақсылап демалған жөн. Ұялы телефонды өшіріп ұйықтау-демалудың ең жақсы түрі»

Досжан-Табылды

Балет бишісінің айтуынша толыққанды өмір сүру үшін денсаулық пен спортқа көп көңіл бөлу керек. «Спорт пен салауатты өмір салты адам өмірінде қай жаста болса да ең қажет. Физикалық жаттығулармен айналысу, адам өз-өзімен жұмыс жасау, мықты және сау болу мұның бәрі адамның толыққанды өмір сүруі үшін және өзіне сенімді болуға көмектеседі

10533708_636048329850494_971387627_n

Сонымен қатар, бишінің айтуынша адам үнемі даму үстінде болуы керек. «Менің ойымша адам үнемі даму үстінде болуы керек. Ал тоқтау-еңбекпен келген барлық жеткен жетістіктеріңді жоғалту. Осы орайда бір орында тоқтап қалу, мен үшін емес»A0001634_1

Балет бишісі Брюс Лиді үнемі үлгі тұтады. «Мен кішкентай күнімнен спортпен тұрақты түрде айналыстым. Кейде сағаттап шпагатта отыра алатынмын. Менің кумирім-Брюс Ли. Ол алғашында биші болған. Кейіннен ча-ча-ча биімен Гонконгте жеңімпаз атанған. Биде ерекше бір құдірет бар. Би ол үнемі қозғалыста болу, күш, өнер, өз денеңді басқару»

20843715_Lee

Сондай-ақ, Досжанның айтуынша кітап оқыған адамға көп күш береді. Биші өзі шаршағанда энергияны кітап оқудан алады. «Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Әсіресе психологиялық, социялогиялық кітаптар ұнайды. Жалпы психология жаныма жақын. Сонымен қатар, мәдениетті адаммен сөйлескен көп нәрсе береді»

10942292_636048373183823_492899414_n

Пікір жазыңыз
Кино & театр
548 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

8c92e24adb29976fb5ffd5de751d73b7

Белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов көмекке мұқтаж

883 рет оқылды27.01.2015
10893476_569362949866352_923922038_n

10 образдың 10 сөзі

517 рет оқылды24.01.2015
Unfriended

Тимур Бекмамбетов көрермендерді тағы да таңқалдырмақ

2 358 рет оқылды20.01.2015
thumb_700x394_0fecd7cb2eab4a742dd16a7b6baec89c

Айдос Бектемір голливудттық киноға түсті

2 125 рет оқылды16.01.2015
10898151_779731252101149_613165687693047147_n (2)

Ақан Сатаевтың жаңа фильмі жарыққа шықты

1 951 рет оқылды09.01.2015
08060fb03b6c6bd9f1a4bb60a0d7808a

Нұртас Адамбаев пен Аружан Джазильбекова комедиялық фильмнің басты рөлін сомдайды

1 228 рет оқылды04.01.2015