«X Factor» жобасының кезекті жеңімпазы анықталды

«X Factor» жобасының кезекті жеңімпазы анықталды

28.12.2014 0 пікір 609 рет оқылды

Бүгін еліміздегі  ең ірі «X Factor» атты музыкалық жобаның 5-маусымы  аяқталып, өз мәресіне жетті. Танымал жобаның кезекті жеңіпмазы анықталды. Жеңіс Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Нағима Есқалиеваның жетекшілігінде болған Евгений Выбловке бұйырды.

Евгениймен қатар финалға «Z» тобы және Оксана Устина өткен болатын. Алайда Оксана Устина алдыңғы бағдарламада жобамен қош айтыстып, бүгінгі гранд-финалда «Z» тобы мен Евгений Ваблов бақ сынады. Жеңімпаз әдеттегідей дауыс беру нәтижесі бойынша анықталды. Нәтижесінде Евгений Выблов  басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Евгений Выблов  5 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен «Еуразия» арнасымен бірігіп жұмыс жасау келісімшартына отырды. Сертификатты жеңімпазға арнайы «Еуразия» арнасының директоры табыс етті.

Гранд-финалда қатысушылар үш әннен орындады. Яғни, ең алғаш іріктеу кезеңінде айтқан, қазіргі эстрада әндері және өнер жұлдыздарымен дуэтте ән орындап шықты. Евгений Выблов әнші Лидомен бірге өнер көрсетті. Ал «Z» тобы өздерінің алғашқы жетекшілері болған әнші Дильназ Ахмадиевамен дуэтте ән айтты.

Евгений Выблов Өскемен қаласының тумасы. Бала күнінен Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінде тәрбие алған. Мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, музыкалық факультетте білім алды. Жоғарғы оқуын аяқтаған соң, өзі шыққан балалар үйіне тәрбиеші болып жұмыс істеуге қайта оралды. Өз кезегінде Евгений жанкүйерлеріне әлеуметтік желіде: «Спасибо, что вы со мной! Я очень надеюсь, что вы голосуете за меня не потому, что я парень из детдома и что вам просто жалко меня»,-деген еді. Сонымен қатар, жеңімпаз жетістіктеріне туған анасындай болып кеткен балар үйінің директоры Майра Бейсеқанованың арқасында жеткенін айта отырып, алғысын білдіреді. Айтуынша Евгенийдің бойындағы талантын Майра Бейсеқанова ең алғаш болып байқап, биіктерден көрінуіне себепкер болған екен.

Евгений Выбловты бүгінгі жеңісімен құтықтаймыз!

yMVEwh8Dk6E

 

eejqAFunD_g10844702_619675808154413_492449578_o

 

10883864_619675834821077_1531213616_oQEbI7jIAFeo10884761_619675791487748_7765115_n

10883821_619675898154404_1936857489_o10876465_619676081487719_132068264_o10884249_619676108154383_51270462_o10878755_619675858154408_1619058463_o

 

 

0 пікір