Гостиницы в Алматы
2017-05-07 12:55:41 71 0

Бүгін T-mobile аренасында өткен Сауль Альварес пен кіші Чавес арасында өткен жекпе-жек аяқталғаннан кейін Головкин мен Альварес арасындағы кездесу жайлы хабарланды.

Головкин бүгін осы бокс кешіне арнайы келген болатын. Кездесу соңында НВО арнасының тілшісі оны рингке шақырып, жекпе-жектің 16-шы қыркүйек күні өтетінін мәлімдеді. Осыған дейін екі боксшы ұзақ уақыт бойы келісімге келе алмаған болатын. Сонымен қатар, бұл келісім бүгінгі жекпе-жектің нәтижесіне де байланысты болды. Айта кетейік, бокс кеші Лас-Вегаста өтеді. Бұл жайында prosports.kz хабарлады.

Естеріңізге сала кетейін, бүгін Сауль Альварес 12 раундқа созылған жекпе-жекте отандасы кіші Чавесті жеңген болатын.

Пікір жазу