Шоу-бизнес

Баян Есентаеваның жаңа жобасы жайлы 10 дерек

«Turkvision-2014» ән байқауында  Жанар Дұғаловамен бірге өнер көрсеткен күйші Нұржан Тәжікеновтің есімі халыққа байқаудан соң кеңінен таныла бастады. Байқауға дейін күйші бірнеше ірі шараларда, шет елдерде де  қазақтың қара домбырасымен өнер көрсеткен. Сонымен қатар, отандық музыкалық телеарналардан бейнебаяндарын да шығарып  үлгерген. Алайда сіз  жас талантты күйші жайлы не білесіз? Нұржан Тәжікенов кім? Біз осы орайда қасиетті домбырада ерекше ойнайтын дарын иесімен оқырмандарымызды жақынырақ таныстыруды жөн санадық.

Назарларыңызға Нұржан Тәжікенов жайлы 10 дерек ұсынамыз.

  1. 1989 жылы 16 қыркүйекте, жылан жылы дүниеге келген.yXiLjhfO_nc
  2. Батыс Қазақстан өңірі, Атырау облысы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданында дүниеге келген. Балалық шағын толықтай осы өңірде өткізген.qDJihlXZJro
  3.  Батыс Қазақстан өңірінде мектепті бітірген.  4-сыныптан 9-сыныпқа дейін бесжылдық №2 музыкалық мектепте білім алып, күй өнеріне деген қызығушылығы сол сәттен басталған. 9-сыныпты аяқтағаннан кейін Атырау облысындағы Д. Нұрпейісова атындағы халықтық музыкалық академиясы Атырау музыка колледжінде білімін жалғастырған. Колледжді аяқтағаннан кейін Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясында оқыған.EFP-sfqgHTk
  4. Қарапайым отбасынан шыққан. Әпкесі және қарындасы бар.  Үйіндегі жалғыз ұл. Әкесі мұнай саласында жұмыс жасайды. Ал анасы — мұғалім.wiiz3So3OEA
  5. Күләш Ниматова, Клара Жолдасова, Карима Сахарбаева сынды профессорлардан  білім алған.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,  «Парасат» орденінің иегері Қаршыға Ахмедияровтың көзін көрген ең соңғы шәкірті.LEQcEI8p9HI
  6. Ең алғаш бейнебаяны «Сағыныш» атты күйге түсірілген.  Осы уақытқа дейін түрлі күйшілердің 400-ге жуық күйін орындаған.

  1. Күйші ретінде Құрманғазы, Дина сияқты ұлы күйшілердің өнерінен үлгі алады. Ал қазіргі эстрадада «Ұлытау» тобы мен Асылбек Еңсеповты ерекше құрметтейді, өнерлерін бағалайдыpage
  2. Нұржан Тәжікеновты алғаш Бағым Мухитденова консерваторияда бірде өнер көрсетіп жатқанда байқаған. Кейіннен «Қазақ аруы» сұлулық байқауында қатысушы қыздарының бірімен өнер көретуге шақырған. Ал осы жылы Баян Мақсатқызы өзі хабарласып, «Turkvision» байқауына Жанар Дұғаловамен бірге өнер көсетуге ұсыныс білдірген.x0Eo7kouiHk

  3. Домбырадан бөлек фортепианода жақсы ойнайды. Сонымен қатар, үрмелі-соқпалы аспаптарда да ойнауды жетік меңгерген. Бірақ жанына қазақтың қасиетті қара домбырасы жақын. l38StZ65790
  4. Ешқашан продюсермен жұмыс жасап көрмеген. Алайда енді Баян Мақсатқызы ресми түрде  продюсері болды. Баян Мақсатқызы ең алғаш байқауда жүргенде Қазан қаласында ұсыныс білдірген. Елге келгеннен кейін Нұржан ойланып, келісімін берген. Енді Баян Мақсатқызының  жобаларының бірі.UVrsBBnzTuI

Пікірлерді оқу (2)

2 пікір

  1. Райхан

    24.01.2015 , 20:38

    Нуржан оте керемет талант иесысыз талантынызга нур жаусын клип тыптен тамаша корып козыме жас алдым Аллам озынызге 2дуние бакытын берсын.

  2. Alma

    26.01.2015 , 20:48

    Assalaumagaleikym,beine baianiniz ote keremet wikkan tuindi,bir jilap aldim,oneriniz orge juzsin!!!

Бөлімнің басқа жаңалықтары

11198644_454289638072628_565383761_n

Дана Нұржігіт өз өкінішін айтты

378 рет оқылды03.03.2016
Без имени-1

Отбасы үшін өнерін құрбан еткен өнерпаздар

1 135 рет оқылды03.03.2016
whak229

Ресейлік продюсердің 68 жасында екінші сәбиі дүниеге келді

308 рет оқылды03.03.2016
кайрат

Қайрат Байбосыновтың «Сыр сандық» кітабы жарыққа шықты

74 рет оқылды03.03.2016
айару

Ермахан Ибраимов және басқа да отандық жұлдыздар кішкентай қыздан дәріс алды

921 рет оқылды02.03.2016
12596659_952460698164014_205564970_o-1000x600

«Бақай» тобы «Кім кінәлі» әні болған оқиға желісімен жазылғанын айтты

515 рет оқылды02.03.2016