Капкарашка отағасы атанды. Желтоқсан айында «Арнау» дуэтінің әншісі Нұржан Керменбаев көктемде шаңырақ көтеретіндігі жайлы жазған едік. Бүгін оның туған жері Жезқазғанда отау құру салтанатына арналған мереке өтіп жатыр. Әншінің қуанышына өнердегі достары жиылып инстаграм желісіне тойдың алғашқы фотолары жүктеді. Пікірлерге сүйенсек келін Тараз қаласынан екен. Той Жезқазғанда өтіп жатқанымен, Нұржан анасымен Алматыда тұрады.
Күллі қазаққа бала күннен «Бозторғайымен» танылған «МұзАрт» тобының әншісі Мейрамбек әке атанды. Бесбаевтардың шаңырағына жұбайы Мархабат шекесі торсықтай ұл сыйлады. Қуанышы қойнына сыймаған Мейрамбек мырза бір құшақ гүлін алып, тұңғышы Кәусармен бірге перзентханадан оқырмандарына алғыс білдірген суретін әлеуметтік желіге жария етті. Барша халықпен бірге “Baistars.kz” ұжымы да бөбектің бауы берік болсын деген жылы лебізін білдіреді.


Сая
27.03.2015 , 01:17
«Мейрамбек ұлды болды» дегенді оқып, қалай қуанғанымды көрсеңіздер
Акмарал
27.03.2015 , 01:33
Құтты болсын екеуинин қуаныштары ұзаққа созыл сын. Енді Мейрамбек ағаның бала шагасы жылдан жылға кобейе берсин .Нуржан ағада енди әке атанып халыкты куантсын.Кутты болсын .Шын журектен құттықтаймын
Сандугаш
27.03.2015 , 10:15
Алаш тагы бир батырмен толыкты.Рахмет сизге Мархабат.Бакытты болсын!
Алтынкул
28.03.2015 , 08:48
Кутты болсын батыр ул.Казактын куанышы таусылмасын.
Гулдана
29.03.2015 , 17:17
Улыныздын бауы берiк болсын! Улкен азамат болсын!
Дильнара
29.03.2015 , 23:45
Мейрамбек агадай Казактын Дара улдарында Урпактар коп болуы керек !Ендеше Мархабат женешемызге Аллам Денсаулык берсын!