Кино & театр

Ермек Тұрсыновтың «Жат» фильмі Оскарға ұсынылады

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Жат» фильмінің әлемдік премьерасы қыркүйек айының ортасында Торонтодағы халықаралық кинофестивальде (Toronto International Film Festival) өтетін болады. 

«Жат» фильмінің түсірілімі өткен жылы аяқталған болатын. Кинокартина өмірде болған оқиғаларға негізделген, онда 30-жылдары өмірден баз кешіп, тауда ғұмыр кешуге кетіп қалған Ілияс есімді ер адамның басынан кешкен оқиғалары баяндалады.

Фильм продюссері Қанат Төребай байқауда «киномотография өнері мен ғылымдар академиясы» номинация сыйлығына ниетті екенін хабарлаған болатын.

«Торонтода өткелі отырған бұл байқауға қатысу біз үшін үлкен қуаныш. Бұл байқауға қатысу одан кейінгі Оскар сыйлығын алуға үмітімізді арттырады», — дейді ол.

Айта кетейік, фильмнің сценарий авторы және режиссёрі — Ермек Тұрсынов. Қоюшы-оператор Мұрат Әлиев, қоюшы-суретші — Александр Ророкин, композитор — Қуат Шілдебаев. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет, Элина Абайқызы, Қуандық Қыстықбаев, Александр Карпов, Роза Хайруллина, Ерболат Тоғызақов сомдайды.

Естеріңізге салсақ, «Жат» фильмі — Dolby Atmos көпарналы дыбыстық форматында түсірілген алғашқы қазақстандық кинотуынды. Картинаны дайындаушылардың сөзіне қарағанда, фильмді түсіруге кәсіпкер достары демеушілік көрсеткен.

2013 жылы Қазақстан атынан Оскарға «Шал» фильмі ұсынылды.

1422948975_l
photo_13454

image_l

1422948987_l

 


kaztrk.kz

Пікірлерді оқу (1)

1 пікір

  1. шолпан

    09.08.2015 , 23:41

    енді оскар силығын алды деген қуаншты хабарды естуге жазсын . . . сәттілік

Бөлімнің басқа жаңалықтары

9993c91212d8525eda8b13b638732628

Елбасы «Қазақфильм» киностудиясының жұмысымен танысты

299 рет оқылды12.08.2015
1439271051hp8ok-560x310

Енді Елбасының рөлін Берік Айтжанов сомдайды

407 рет оқылды12.08.2015
thumb_700x394_9ed14ba3f9a8668be9b2f5d60d3f8611

Вашингтонда «Дешті-Қыпшақ: құпия белгілер» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

105 рет оқылды09.08.2015
unnamed (8)

«Қазақстан» телеарнасындағы «Келін» телехикаясының көрсетілімі аяқталды

1 051 рет оқылды07.08.2015
11249-212-_rnek_ru

Бекболат Тілеухан «Құнанбай» фильміне баға берді

362 рет оқылды07.08.2015
OfnpBTOusFA (1)

«Тақиялы періште-2» фильмі Алматы облысында түсіріліп жатыр

295 рет оқылды03.08.2015