Шоу-бизнес

Батырхан Шүкенов: «Өмірде барлығы қарызға беріледі»

Жақында электромобилге отырдым. Бұл кезде ерекше сезімді бастан кешеді екенсің. Технология дамып келеді. Мен өткен жылдан бастап автомобиль жүргізбеймін, жай ғана жолаушы болуға шешім қабылдадым.

Әлеуметтік желілерде отырамын. «Инстаграм», «Фейсбук» пен «Вконтактеде» ресми парақшаларым бар. Өзім кіріп, жұрттың не жазатынын көремін, кейде жауап беремін.

Менің басты сыншыларым – ол туыстарым, әсіресе қарындастарым. Олар мені үнемі сынап отырады. Мен сынға құлақ асып, қателіктер болса түзеуге тырысамын. Себебі мүлтіксіз сенетін жандарым солар.

Бақыт?  Бұл жағдай кей кезде болып тұрады. Жаныңа жақын адамды тапқан кезде, немесе әннің ерекшелігін байқап қай кезде тыңдағанда да рахаттанатын болсаң, міне нағыз бақыт! Ол – өмірді нұрландырады.

Менің музыкалық өмірім – бұл үнемі ұшақпен ұшып, пойызбен жүрген көшпенді халықтың ұрпағы ретіндегі үрдісті жалғау іспеттес.

«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасын «100 мәдениет сарайы» дегенмен толықтырса жақсы болар еді.  Өткен жылы аймақтарды аралап концерт бердім. Алматы, Астана, Қарағанды қалаларында ғана барлық жағдай жасалған деп айтуға болады. Басқа жерлердегі жағдайды жандандыру керек.

Билікте маңызды мәселелерді отырып ақылдасып, шешетін адам жоқ. Қазақ әншілері Юрмалада еліміздің атын қорғап жатқанда отандық емес, ресейлік арнадан көруге мүмкіндік бар. Сол кезеңде қазақстандық телеарналар «Бандитский Петербург» сериалын көрсетеді. Мұндай жағдайда патриоттық тәрбие беру қиын.

Мемлекет  отандық өндірушілерді қашанда қолдайды. Ал музыка жағына келгенде жағдай басқаша. Еліміздің танымал әндерін неге қанатының астына алмайды, ол да өндірістің бір саласына жатпай ма? Мемлекет қолдау көрсетпесе де, кедергі келтірмейді. Қалаған жеріңде клип түсір, ән жаздыр, қай жерге барып, қандай байқауға қатыссаң да өз еркің. Алайда әншілер мен музыканттар бұл сұрақтар төңірегінде мемлекетке күш түсірген емес.

«Той-бизнес» — қарапайым мәселе емес. Той әні қашанда көңілді әрі жылдам болған. Той бизнестің  дамуы  музыкалық емес, әлеуметтік мәселе.

Бала кезімде кондитер болып тәтті тоқаштарды  пісіруді  армандағанмын. Кейін футболға әуестігім артты.Бесінші сыныпта Артекке барып, ойламаған жерден вокал байқауына қатыстым. Оныншы сыныпта музыкант болуға шешім қабылдадым.

Алғашқы рет тоғызыншы сыныпта табыс тапқанмын. Ол 1978 жыл болатын. Ата-анама айтпай саксафонда ойнағанмын. Қанша ақша тапқаным есімде емес. Достарыммен бірігіп мерекешлік кеш ұйымдастырған болатынбыз.

Мен үшін ең бастысы — өз әкем секілді, ұлыма жақсы әке, достарыма адал болу. Одан кейін әрине,  өнердегі жолым, тынымсыз ізденісімді жалғастыру.

Ақшамды кредиттік картада сақтағанды жөн санаймын, өзім солай жасаймын. Қалтама тек күнделікті қажеттілікке керекті қаражатты салып жүремін.

Ата-анам соғысқа дейін туылған. Әкем қиын кезеңдер жайлы сыр шертеді. Біздің отбасымыз үшін соғыс тақырыбының маңызы өте зор.

Бала күнім көз алдымда: ауламыз, онда түрлі ұлт өкілдері тұратын. Қазақтар, орыстар, өзбектер корейлер мен украиндар, белорустар… бәріміз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүрдік.

Сыйлық ретінде мейірімділік пен жақын жандардың махаббатын алуды дұрыс деп санаймын. Бала кезімде ең үлкен сыйлық жаңа жылдық ертеңгілік болатын. Отбасымызбен бірге балалар карнавалын өткізгенбіз. Сол кездегі алған әсерім әлі есімде.

Теледидар қарамаймын.  Себебі ол жерде позитивті нәрселерден гөрі көңіліңді құлазытатын жаңалықтар көп көрсетіледі.

Концерт – ең ерекше атмосфера. Сахнаға шыққанда мен үшін ең маңыздысы — көрермендер. Бүгінгі таңда оларды бір нәрсемен таң қалдыру өте қиын. Сондықтан көп еңбектену керек.

Өмірде барлығы қарызға беріледі. Басыңа қиындық түскенде , «жаратушыға не жаздым» деп қынжыласың. Уақыт өте келе осының бәрінің сынақ екенін ұғынасың.

Мен – жолы болған адаммын. Өмір дос сыйлағанда да, ұстаздар тапқанда да сәттілік серігім болғандай. 17 жаста Ленинградқа барғанда педагогтарымның көпшілігі үлгілі музыканттар болды.

Музыканы қалай тыңдау керек? Біздің бөлімнің студенттері болып Эрмитажға экскурсияға бардық. Солардың арасынан біреуі мұғалімімізден «Картинаны қалай түсінуге болады?» деген сұрақ қойды. Сонда ұстазымыз: «Музыканы қалай тыңдайсыз?» деп жауап берді. Бұл орайда ойлану емес, сезіну керек.

Отанға деген махаббат – жеке сезім. Мен оны өте кеш, яғни 12 жасымда сезіндім. Алматыдан Қызылордаға бара жатқанмын. Күн өте ыстық еді. Радиодан домбыра үні естіліп тұрған.Оны сезінгенім соншалық өте қатты әсер етті.

Заттарға қарапайым көзқарастамын. Ұнаса – ұнайды, ұнамаса – жоқ. Гардеробымдағы ең сүйікті киімім – джинсы. Галстукты ұнатпаймын. Мектеп бітіргенде, консерватория мен Америкадағы ресми қабылдауда ғана тағыппын.

Сатып алған ең қымбат нәрсем – үрлегіш аспабым.

Мен көрінген жанға ғашық бола беретін жастан кеттім. Сүйікті адамың барда, басқа қыз-келіншектер мен үшін қызық емес.

Жігіттермен Сырдарияда жүзіп, футбол ойнаған күндер көп болды. Мен — жартылай қорғаушы болатынмын. Үстіме Пеленікіндей нөмірі 10-шы форманы киетінмін.

Эх, балалық шақ! Ата-анаңның жанында алаңсыз өмір сүретін бақытты арал ғой. Енді ол жаққа баратын мүмкіндік жоқ.

«Өнер – мақсат емес, жол»,- деген екен бір ақылды адам. Мен үшін өмір – жол. Мен сол жолмен жүріп келе жатып бір нәрсе ойлап табатын қызық адаммын. Мендік бақыт ұғымы – жаның жай табатын жұмыс.

Ақпарат: www.esquire.kz

 

 

 

Пікір жазыңыз
Шоу-бизнес
2 295 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

24759613bfbd8212125fff254320a471

Ләйлә Сұлтанқызы: «Қазақ халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіріп өскен бала жаман болмайды»

104 рет оқылды09.09.2015
cbJf-RxjOHY (2)

Ануар Нұрпейісов енді мемлекеттік қызметкер

270 рет оқылды08.09.2015
az_rlD64_c8

Фарида Ниязова ұлды болды

607 рет оқылды07.09.2015
7RsymzGvmFY

Әлішер Каримов жеке концертін береді

266 рет оқылды06.09.2015
hnirJVCni4c

Ресейлік «MBand» тобы Астанада

338 рет оқылды04.09.2015
photo_62660

Алмас Кішкенбаев қызды болды

1 040 рет оқылды04.09.2015