«Тоқал» десе, үйдегі әйелдердің төбе шашы тік тұрып, көздері атыздай болып кететіні рас. Десе де көптеген еркектер, оның үстіне дін жолында жүргендер екінші әйел алу мәселесіне оң көзбен қарап, қолдайтыны белгілі.
Тоқал деген кім? Кейбіреулері ол сөздің мағынасын «ашына» деген сөзбен шатастырып жатады. Міне, бүгінде басты мәселеге айналған бұл жағдайға байланысты танымал өнер иелері «Жұлдыздар отбасы» журналына сұхбат берді.
Меруерт Түсіпбаева:
— Кәрі қыздар өмірден жалғыз өткенше, бір азаматтың тоқалы болсын.
Меруертке ұсыныс білдіргендер болған екен. Алайда, ер жетіп қалған баласы мен туғандары дұрыс түсінбей, қабылдамауы мүмкін екенін жеткізді.

Журналист Маржан Сұлтанбай:
— Екінші әйел алуды заңдастырғанымен, қыздардың барлығы тұрмысқа шығып бақытты болады деп ойламаймын.
Сондықтан, әркім өз өмірінің қожайыны деп түсіндірді.
.jpg)
Белгілі әнші Сандуғаш Стамғазиева:
— Кезінде жетімін жылатпай, жесірін қаңғыртпаған ата-бабаларымыз екінші, үшінші әйел алған. Екі тізесін құшақтамай, тоқал болып, бала сүйген дұрыс.



жанат
19.07.2015 , 01:39
Айелдер карсы деп айелдерди киналай бермей еркектерди киналау керек . Казирги еркектер бир айелди толыгымен канагаттандыра ала ма екен.? Ал. Бай еркектерде токалы жок деп ойламаймын.