Батырхан Шүкенов Қызылорда қаласында туылған. Екі ағасы мен қарындасы бар.

Балалық шағында футболды жақсы көріп, веложарыстарға қатысқан. Болашақ музыкант спортпен тұрақты шұғылданғанымен, өнер жолына түседі.
12 жасында «Артек» лагеріне барған ол, аяқ астынан вокалдық конкурсқа қатысып, бірінші орынды жеңіп алады. Күзде мектепке келгенде оның жеңісінен бәрі хабардар екен. Содан соң оны ансамбльге қабылдаған. Бұл- шығармашылығының алғашқы сатысы көрінеді.

Мектептегі жылдарында Батырхан музыкалық үйірмелерге қатысып, мектеп бітірген соң, Крупский атындағы мәдениет институтына оқуға түседі. Бірнеше жылдан кейін, Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияның саксафон класын аяқтаған.

1987 жылы Батыр В.Миклошичпен, Б.Сыздықовпен, Н.Вильдановпен және Б.Серкебаевпен «Алматы» тобын құрады. «Путь без остановок» деп аталған алғашқы альбомы шыққан соң, топ атауы «Алматы студио» болып өзгереді.

Біраз уақыт өткен соң олар топ атауын «А-студио» деп өзгертеді. Ол кездегі хит әндері «Джулия» еді.

2002 жылдың 26 қазанында Батырхан Шүкенов «Отан ана» атты алғашқы жеке альбомын шығарды. Туынды тізіміне 10 ән мен аталған әннің бейнебаяны кірді.

Ақпарат: bmtv.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS