Жаңалықтар

Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді

Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Президент қол қойған құжат Ақорданың ресми сайтына жарияланды. Қаулыда былай делінген: «Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі».

Сонымен қатар, Ақорданың мәліметінше, Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді.

«Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген қаулыда.

 

Еске сала кетейік, Астана уақыты бойынша 2 қыркүйек күні сағат 10.38-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» тасымалдаушы зымыраны «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесімен және жаңа экипажымен ұшты. Экипажда қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсон болды. Айымбетов ғарышқа екінші бортинженер ретінде аттанып, 12 қыркүйекте таңғы сағат 06.51-де ғарыш кемесі Жезқазған қаласының шығысынан 146 шақырым жерге қонды.

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
198 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_169750

15-жасар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы олимпиада чемпионы Юлия Липницкаяны басып озды

23 рет оқылды25.10.2015
photo_21615

Ерлан Көкеев ұлды болды

697 рет оқылды19.10.2015
12142733_905768299460155_1263174533_n

«Новая волна» жүлдегері Ademi той әндерін айтпауға сөз берді

516 рет оқылды17.10.2015
unnamed (2)

«Намыс дода»: біздің құрама бағындыратын жаңа белестер

527 рет оқылды29.09.2015
941ce7fcc7f8ece26ea2bada16795ba9

Мемлекет басшысы «Қазақ елі» монументі алдындағы этноауылда болды

358 рет оқылды12.09.2015
e9aa80bc3420f965caf68dc3eca18534

Елбасы Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты

294 рет оқылды12.09.2015