Шоу-бизнес

Нұрлан Әлімжанов: Балаларың болса айырылысу екі есе ауыр тиеді

7 арна тілшісі Майя Бекбаеваның “Моя история” бағдарламасында Нұрлан Әлімжанов жұбайы Жансаямен айырылысуы оған оңайға тимегенін айтты.

Өзінің балалық шағы мен өнер жолы туралы әңгіме бастаған Әлімжанов бағдарлама соңында жеке өміріндегі қиындықтар жайлы айтып, ағынан жарылды.

Жұбайым Жансаямен 2006 жылы таныстық. Сол жылы отбасы құрдық. Бұл алғаш көрген сәттен туындаған махаббат болатын. Мен үш күн достығымыздан кейін ұсыныс жасадым. Біздің ортақ 3 баламыз бар. Екі ұл бала мен бір қыз бала. Үлкенінің есімі Ғабдулла. Ол 8 жаста. Ортаншысы – Нұрмұхаммед. Ол 7 жаста. Және кіші қызым Томирис 5 жасқа келді”, – деді әртіс тілшіге.

Әлімжанов жарымен жолы екі бөлек кеткенін де растады.

“Иә. Бұл рас. Мен шынымен өмірімдегі қиын кезеңді бастан өткерудемін. Жанұяңда балалар болса екі есе ауыр болады екен. Қазақтар мұндайды “дәм-тұзымыз жараспады” деп түсінідіріп жатады. Ол өте жақсы жан. Жансая туралы жаман сөздер айтудан аулақпын. Некеге дейін ғашықтар арасын махаббат пен құштарлық байланыстырады. Ал отбасылы болғанда барлығын тұрмыс шешеді. Түсініспеушіліктерді адамгершілік, шыдамдылық пен ақыл шешеді. Ал бұлар болмаған жағдайда қарым-қатынасқа сызат түседі. Мен өзімді мінсіз жан санамаймын. Бірақ өз балаларыма әкелік парызымды өтеп, қашанда қастарынан табылуға тырысамын. Мен оларды қатты жақсы көремін”, – деді сөз соңында әнші.

Танымал әртіс әрі әнші Нұрлан Әлімжанов “Небо моего детства”, “Путь лидера”, “Разрывая замкнутый круг” фильмдерімен талайдың назарына іліккен болатын.

Дереккөз: Nur.kz

Пікірлерді оқу (3)

3 пікір

  1. Камшат

    28.05.2015 , 17:37

    Нұрланды адамгершілігі жоғары адам ретінде бағалайтынмын. Бірақ… осы жағымсыз жаңалықтан соң ол туралы естігім де келмейді. Мүмкін ол кінәлі емес те шығар, бірақ 3 баланың тағдыры ше?

  2. Сауле

    29.05.2015 , 09:51

    9жыл тұрғаннан соң есіңе 3 күннен кейін ұсыныс жасағаның түсті ме? Оданда ана 3 балаңды ойлағаның жақсы еді.Танымалдылық,жүлдыз ауруы әсер еткен болуы керек,уйде жарың сенің балаларыңды қарап,жағдайыңды жасамаса осы биікке жетер ме едің жетпес пе едің?

  3. Алия

    30.05.2015 , 17:14

    Мен бұған дейін Нұрлан Әлімжанды құрметтеуші едім.9 жыл отасып,ажырасканы несі.1 емес арада 3 бала бар.Отбасы болган сон түсініспеушілік болады.Шыдау керек барине.

Шоу-бизнес
2 128 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

IMG_20150530_092230

Ғалымжан Молданазар Нью-Йоркте ән салды

281 рет оқылды30.05.2015
IMG-20150529-WA0081

Ұлықпан «баласымен» Еуропаға қоныс аударды

989 рет оқылды29.05.2015
f521661bc20d589015184a22b3b56815

«Доминолықтардың» тұңғышы дүниеге келді

884 рет оқылды27.05.2015
cats

Жұлдыздардың соңғы қоңырауы

1 558 рет оқылды25.05.2015
LUN_3218

Мақпал Жүнісованың инстаграмын жойған кім?

1 538 рет оқылды21.05.2015
W_m-hUMguic

Нұрлан Еспанов «Киноға кетем!» дейдi

764 рет оқылды21.05.2015