Шоу-бизнес

Батырхан Шүкенов Ресейдегі «Один в один» шоуына қатысады

Батырхан Шүкенов «Россия-1″ телеарнасының атақты «Один в один» шоуының үшінші маусымына қатысады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орындаушының директоры Олжас Байқановтың айтуынша, шоуға қатысушылардың дайындық жұмыстары басталып кетті, ал шоудың алғашқы шығарылымдарын телеарна эфирінен ақпан айынан бастап көруге болады. Айта кетейік, «Один в один» шоуы — белгілі бір адамдардың кейпіне ену жобасы, бұл шоуда атақты адамдар бұрынғы және қазіргі әйгілі музыканттарды сомдап, олардың стилін толықтай қайталайды, сонымен қатар олардың қозғалу мақамынан бастап дауысының тембріне дейін келтіреді. Шоу қатысушыларының өзгеруіне кәсіби ұстаздар мен тәлімгерлер және жоба үшін арнайы құрастырылған грим көмектеседі. Шоудың екінші маусымында Виталий Гогунский жеңіп шықты, ал екінші орынға Вадим Казаченко ие болды.

Еске сала кетейік, Батырхан Шүкенов ресейлік «Живой звук» шоуының көктемгі маусымына қатысып, жеңімпаз атанған болатын. Жоба барысында жұлдыздар кеңінен тараған әндерді караокеде шырқады, әндер олар үшін кездейсоқ әдіспен таңдалды. Жоба барысында Батырхан Шүкенов «Дождь», «Самба белого мотылька», «Я спросил у ясеня», «Выпьем за любовь», «Звезды в лужах» әндерін орындады.

Білім және Мәдениет

Пікір жазыңыз
Шоу-бизнес
711 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

CYMERA_20150202_191520

Алтынбек Рахметов: «Мұндай дауыс қазақ эстрадасында болмаған!»

322 рет оқылды02.02.2015
oiNsiFoGNFc

«Сарын» тобына не болды?

1 260 рет оқылды01.02.2015
10955925_638934372895223_89247104_n

Ақылбек Жеменей тағы да бір әншіні жетекшілігіне алды

685 рет оқылды31.01.2015
photo_13321

«Қазақфильм» киностудиясына жаңа басшы тағайындалды

584 рет оқылды30.01.2015
10947510_780699428673476_1123149240_n

Алматыда Павлодарлық өнерпаздардың «Қазақ елі» концерті өтеді

258 рет оқылды29.01.2015
10958735_637901902998470_1284487326_n

Қайрат Нұртас Дәулет Болатовқа продюсер болды

2 246 рет оқылды29.01.2015