Олимпиада чемпионы, боксшы Бақтияр Артаевтың төртінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Baistars.kz. Боксшыға жары Салтанат ұл бала сыйлады.
Бұл туралы сайтымызға боксшының досы, «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдрайымов хабарлады. Бақтияр Артаевтың бұл төртінші перзенті. Оның алдында үлкен ұлы мен екі қызы бар.
Сайтымыздың атынан боксшыға құтты болсын айтып, сәбидің бауы берік болсын деп тілейміз!
Айта кетейік, соңғы кездері елімізде көп балалы өнерлі әкелердің саны артуда. Бұған дейін Қалқаман Сариннің төртінші перзенті, актер Нұржан Төлендиевтің алтыншы перзенті дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз. Ал өнерпаздар балаларына қандай есім беретіндерін мына мақаладан оқи аласыздар.

Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS