Гостиницы в Алматы
2014-12-01 17:43:27 2261 0

Баян Мақсатқызы Есентаева — белігілі продюсер, тележүргізуші, актриса, әнші, редактор және «Ғашықтар әлемі» жылтыр журналының иемденушілерінің бірі. 1974 жылы Орал қаласында 2 қаңтарда дүниеге келген. Кішкентай күнінен актриса болуды армандаған, алайда анасы оған қарсы болады. Анасы Баянның мұғалім болғанын қалайды. Ақырында Баян ата-анасының қалауымен мұғалімдік оқуға түсіреді. Бірақ үш жылдан соң ата-анасына айтпай, құжаттарын алып, театр институтының кино факультетіне түседі. Ата-анасына бұл шындықты жарты жылдан соң айтады.

Баян театр институтында оқып жүрген кездің өзінде "Махаббат станциясы" атты фильмге басты рөлде ойнауға шақырылады. Фильм 1993 жылы жарық көреді. Сол кезде 18 жасар Баянды бүкіл Қазақстан таниды.

Актриса болу арманы орындалған Баян енді өзін журналистика саласында сынап көрмекші болып, ҚазҰУ журналистика факультетіне түседі. Жеті жыл журналист болып жұмыс атқарады. 27 жасар Баян өзінің авторлық "Желтый салон" атты бағдарламасын ашады. Артынша "НТК" арнасынан "На шпильке" бағдарламасын ашып, алдыңғы бағдарламаданда жақсы шығады. Сонымен қатар Баян өзін әнші ретінде де сынап көрген. "Азия даусы", "Жас қанат" секілді байқауларға қатысқан.

Қазір Баян Есентаева - танымал продюсер.

Фильмография:

1993 — «Махаббат бекеті» — Гүлнәз, басты рөл

2010 — «Жан жүрегім – Астана» — Лаура

2010 — «Ғашық жүрек» — Баян, продюсер

2011 — «Ғашық жүрек 2» — Баян, продюсер

2014 - "Махаббатым жүрегімде"

Телебағдарламалары:

2008 — «Желтый салон» Таң арнасы, бағдарлама жүргізушісі.

2008 — «На шпильке» НТК, бағдарлама жүргізушісі.

2010 — «Екі жұлдыз», Қазақстан арнасы, бағдарлама жүргізушісі.

2011 — «Саз әлемі», ЕлАрна арнасы, бағдарлама жүргізушісі.

2012 — «Мама мия», КТК арнасы, продюсер, тұрақты баға беруші.

2012 — «Саз әлемі2», ЕлАрна арнасы, бағдарлама жүргізушісі.

2014 - "Жұлдызды дода"

Продюсерлік жобалар:

КешYou

Іңкәр 2011 ж. дейін

Айгүл Иманбаева

Shine

Jamilya

Жанар Доғалова

Лашын

Пікір жазу