Осы аптада Нұртас Адамбаевтың «Побег из аула. Операция Махаббат» фильмі прокатқа шықты. Фильмнің тұсаукесері 26 қарашада өтеді деп жоспарланып отыр. Кинокартинада Нұртас Адамбаев тек режиссер ғана емес, басты рөлді сомдаушы актер, сценариін жазушы әрі продюсер. Басты рөлді Нұртас Аружан Жазылбековамен ойнайды. Сондай-ақ, фильмде Дінмұхамед Ахимов, Алишер Өрікбаев, Жан Ізбасар, Ерлан Қасымжанұлы, Максим Акбаров, Бахтияр Қожа сияқты актерлер ойнайды. Н.Адамбаев алдын-ала көрсетілімге Алматы қаласының бір кинотеатры жалға алып, 4 кинозалға фильмді көрсеткен, оған 600 тарта актерлар мен журналистер келген.
Фильмнің продюсерінің сөзіне сенсек, фильм махаббат, адалдық,ақша туралы түсірілген. Өз ақшасына түсірілгендіктен де Нұртас мырза әр істің дұрыс өтуін өзі қадағалып отырған. . Кинотуынды небәрі 18 күнде түсірілген көрінеді.
Дінмұхамед Ахимов: «Мен 47 жыл бойы кино саласында жұмыс істеймін. 100 жуық картиналарды түскенмін. Шетелдік фильмдерде де рөлдерім болды. Таңғы 9-дан түнгі 11-12 дейін түсірілім алаңында жүрсек те Нұртаспен жұмыс істеу маған ұнады. Екі жылдан соң 70-ке келемін, бірақ бұл жігітпен мүлде шаршамадым»-дейді.



Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS