Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Алиюшка» жобасы Францияның Ұлттық киноматография орталығының грантын ұтып алды. 10 мың еуроға тең грант аталған елдің Амьен қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестиваль аясында берілді. Режиссердің айтуынша, ол қазір аяқталуға жақын қалған тағы бір «Чума в ауле Каратас» атты фильммен жұмыс істеуде. Осы жобаны бітірген соң Ержанов «Альюшканың» түсірілім жұмыстарына кіріспек.
«Алиюшка» алдымен үздік 15 жұмыстың қатарына енген болатын. Сондай-ақ, режиссердің бұл жобасы «Еуразия» кинофестивалінде де көркем фильмдер арасындағы жеңімпаз болды.
Фильмде 90 жылдардағы Кеңес үкіметінің құлауы баяндалады. Қиын қыстау заманда тастанды зауытта өмір сүріп жатқандардың өімірі көрініс табады. 14 жасар Әлия сол ортадағы жалғыз оқу-жазудан хабары және нашақорлыққа қарсы тұрған адам. Сондағы жастардың басым бөлігі Әлияға қарсы шығады. Бірақ, жас қыздың сағы сынбай өзі секілді жаман әдеттен аулақ және ұрлық-қарлықты қаламайтындарды қасына жинайды.


Ақпарат www.tengrinews.kz сайтынан алынды


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS