Гостиницы в Алматы
2016-04-22 18:58:00 885 4

Сәкен Майғазиев бастаған өнер жұлдыздары ұлттық рәміздеріміздің бірі көк туды іш киімге бейнелеген дизайнерді жауапқа тарту керек деп әлеуметтік желілерде пікір білдіруде, - деп жазады baistars.kz

Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев инстаграм парақшасында "Көк туымызды төбедегі биік үйлердің терезесінде желбіреткенде,атқамінерлер мен артқамінерлер бәрі жабылып айыппұл салып, берекесін алып еді. Енді мынаған не дер екен?" деп жазып, ақын Әлібек Шынтемірдің өлеңінен жариялады.

Білмеймін жыларымды күлерімді..

Тәңірім тапсырмасын түнеруді..

Қанменен келген тудың қадірін бұл..

Санымен жасап жатыр біреу үлгі.. Жеңдік деп,төбелері көке жетті..

Өмірін өздерінің өктем етті..

Еліме еңсе берген жалауымды..

Беліне байлап алып өкпелетті... Көк туым, көрсетіп ед(і) ел болғанын..

Құдай атты..!

Ұқпадым не болғанын..

Жеңдік деп,жерге жетпей жанталасты ау...

Білмеді-ау......!!!

Жұртқа таба,жер болғанын.. Қайтейін білмей жатса қадірін еш...

ҚАЗАҒЫМ пасықтардың зәбірін кеш..

Көктегі жалауымды кө..е көріп,

Тәңірім жетер емес,сабырым еш.. Оңбайды..! киім қылып кигізгендер..

Оңбайды..!! Елге кесір тигізгендер..

Билікте белді ойлап жүргендердің,

Бастарын белден биік тигізбеңдер... Осыған жол берген жан тірі ме екен...!?

Ісі ұсақ, сөздері ірі ме екен..!?

Жалауды,жалаңбұтқа жауып беріп,

Ойлама..!! бұл фәниден тірі кетем.. Ал Жақсы...! Пейілменен тікті дейік..

Сәнді де,(современный )шықты дейік..

Өз туына,бәрібір қарағанның..,

Терісінен (ішкиім)тіктірейік.... АҚТЫ АҚ,ШЫНДЫҚТЫ ШЫН БАҒАЛАҢДАР...

ИМАННЫҢ ЕСІГІН КӨП ЖАҒАЛАҢДАР...

ҰЛТТЫҢ ҚАМЫ БҰЛ ЖЕРДЕ ҚҰРДЫМДА ТҰР.. ЖӘЙ ӘЛІБЕКТІҢ ӨЛЕҢІ ДЕП ҚАРАМАҢДАР..... ДЕМЕЙМІН..!

ҚАЗАҚ ҚҰРЫП ҚАЗАЛАНСЫН..

БИЛІК ЖАҚ ҚОҚЫСТАРДАН ТАЗАЛАНСЫН...

КӨК ТУДЫ БЕЛГЕ БАЙЛАП БЕРГЕН БАЙЛАР...

АЛЛАНЫҢ ҚАЛАУЫМЕН ЖАЗАЛАНСЫН.. ҚАЗАҚ СОРЛЫ ақ ішссе,

ақтан шығар..

Бастығына мезгілсіз мақтан

шығар...

Парықсыз ұрпағының күнәсі үшін...

Қайран бабам тозақта жатқан шығар...

ЖАЛАУЫН ЖАЛАҢБҰТҚА ЖАПҚАНДЫҚТАН..

БӘЛКІМ...!

бізді құдай атқан шығар..

Иә..АЛЛА..!!

ҚАЗАҒЫМДЫ КЕШІРГЕЙСІҢ..

ҚАЗАҚҚА НӘСІП ЕТШІ БАҚТАН СЫҢАР...

ҚАЗАҚҚА БОЛА КӨРШІ ЖАҚТАН СЫҢАР... (4:04 суретті көре сала туған өлең, 21.04.2016), -деп жазады Әлібек Шынтемір.

Естеріңізге сала кетейік, Айзияда ойындарында су добынан Қазақстанның ерлер құрамасы спорттық іш киімдерін осы дизайнда киіп шыққан болатын.

Өнер жұлдыздары осындай олқылықтардың алдағы уақытта қайталанбауын тілеп, дабыл қағуда.

Пікірлер

  • Гүлжанат Әли
    Жыртық па, лас па деп мекемелердің көктегі көк туын айыппұл салғыштар күнде тексереді, кө..егісін тексермейтін болып тұр ғо. Тексерудің түпкі мақсаты айыппұл салу емес, ұлттық нышандарға деген құрметті арттыру екенін түсінбей жүрген болар олар. Шаш ал десе, бас алады деген осы шығар (негізгі жұмыс жасалу керек бағытты түсінбейді)
  • өте дұрыс айтқан... бұл туымызды қорлаушылық қой... дизайнерлер оттай бермесін сән анау-мынау деп... бұндай дизайнерлері құрту керек
  • Айгерим
    Иа, айтылган создер, жазылган олен бар орынды, типти тамаша олен. Бурын бул туралы Маржан Султанбайкызы туды илген азаматка айыппул салынады деген кезде-ак оз инста паракшасында жазган болатын "кок туымыз к...де жургенше, əрбір казактын терезеснде желбиреп турсын" деп. Темирди кызган кезде сок деген сол шыгар
  • Жумабекова Ардаша
    Сəкен аға,сіздің жазғандарыңыздың бəрі дұрыс,бірақ бұны түзейтін ағаларымыз бар мекен?сіз секілді еліне адал ағаларымыз бола берсін!

Пікір жазу