Сән & дизайн

Қазақстанның ең сұлу арулары анықталды

«Қазақстан аруы 2015″ биыл Астана қаласында желтоқсан айында өтпек. Осы айтулы шараға байланысты еліміздің әр қаласы өз аруларын анықтауда.

Қызылорда қаласының аруы — 21 жасар Тұрсынай Мұқан. Ол Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеттің студенті. Арудың арманы далада қалған жануарларды бағатын ветеринарлық клиника ашу. Сұлулық сайысында Тұрсынай «Парасатты ару» номинациясын да жеңіп алды. Қызыорда қаласының аруы атану үшін 10 қыз бақ сынасқан.  I вице-мисс Камила Қалыбаева деп танылса, II вице-мисс атағы Арайлым Акімәліге бұйырды, Ал III вице-мисс Лемара Ырғайбаева болды.

кызылорда
кызыорда

Ал Қарағанды қаласының аруы —  18 жастағы Рената Нургазина. Рената – Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың биология факультетінде оқиды. Ол өзінің инстаграм парақшасында: «Бүгін мен Қарағанды қаласының аруы атандым. Өзімнің ата-анама, достарыма, бізбен жұмыс жасаған жандарға алғысымды білдіремін»-деді.  Жалпы сайысқа Шахтерлар қаласының аруы атану үшін 16 мен 27 жас аралығындағы 22 сұлу қатысқан болатын.

караганды

ранета

 

Қостанай қаласының аруы  — Ксения Брума. сения — болашақ хореограф, Қостанай мемлекеттік педагогикалық колледждің төртінші курсында білім алып жатыр. Бойжеткен қалалық басты сұлулық байқауындағы жеңіс — бұл модель ретінде мансап жолындағы тамаша қадам деп есептейді. «Мисс Қостанай» байқауының ақтық кезеңіне 18-23 жас аралығындағы 15 бойжеткен қатысты. Қазылар алқасының шешімімен бірінші вице-мисс атағын Альбина Әлкеева, екінші вице-мисс атағын — Мария Латыпова иеленді, Жастар бастамалары орталығының бастамашы ретінде шыққан «Жастар аруы» байқауында Әсел Сейітова жеңімпаз атанды. Ал үш мыңнан астам адамның дауысына ие болған Виолетта Кальниченко «Ғаламтор көзайымы» атағын жеңіп алған.

мис костанай

мисс костанай

Астана қаласының аруы —  21 жастағы Камила Темірова. Камила М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде заң факультетінің 4-курсында оқиды. Ал бірінші орынды Бану Қадырханова иеленсе, екінші орын 18-жастағы Виктория Алексеваға бұйырды. «Астана аруы — 2015″ атанған Камила Теміроваға жеңімпаздың тәжі мен миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Ол: «Әр қыздың өзінің хоббиі болады деп ойлаймын. Маған моделдік бизнес өте қатты ұнайтын. Мен заң саласында ғана емес, модел болып та жұмыс істей аламын. Бірақ ол тек хобби ғана болып қала берді. Енді «Қазақстан аруы» байқауына қатысамын деп ойлаймын. Өзімнің бүгінгі жеңісімді анама арнаймын. Ол мен де жалғыз, оны қатты жақсы көремін» -деді.

f77906ff-8fba-4a08-8fe7-4808be900a75

астна

«Мисс Алматы-2015″ —  Регину Вальтер. 20 жастағы Регина Тюмень мемлекеттік архитектура-құрылыс университетінің студенті. Ол Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясында оқыған. Сұлулық сайысы Алматы қаласындағы мейрамханалардың бірінде өтті. Сайыста жалпы 12 қыз бақ сынасты.

Бірінші вице-мисс атағы Әсел Мақашеваға, екінші вице-мисс атағы Камила Сәрсеноваға бұйырды. «Мисс Модель» атағына Гүлжан Дәулетова ие болса, Фариза Құлекенова «Мисс Суперстар» атанды. Әділ-қазылар алқасының құрамына Muzzone арнасының директоры Әділжан Садықов, «Мисс Қазақстан» байқауының директоры Алена Кырбасова-Ривлина, «Мисс Қазақстан — 2014»байқауының жеңімпазы Регина Вандышева, шоумен Нұртас Адамбев, визажист Айнұр Рысбекова, фотограф Данил Олейник, продюсер Баян Есентаева сынды танымал тұлғалар болды.

алматы2

алллл

 

 

 

Пікір жазыңыз

Бөлімнің басқа жаңалықтары

photo_22710

«Қазақстан аруы-2015″: Қатысушылардың ресми суреттері жарияланды

532 рет оқылды01.12.2015
00513e3abe3639218e4bf8ed901d0a3f

«Әлем аруы-2015″ байқауына Қазақстан атынан Регина Вандышева кетті

294 рет оқылды24.11.2015
f77906ff-8fba-4a08-8fe7-4808be900a75

«Астана аруы — 2015″ анықталды

631 рет оқылды13.11.2015
69fee4bc45fdde2cff994eb2dfb41dca

«Астана аруы» Түркияда өткен байқауда «Тop Model» атанды

824 рет оқылды08.10.2015
FAS1645-931

Күз маусымының негізгі 5 тренді

1 695 рет оқылды29.09.2015
pxwlmowWsQM

Айдай Исаева ана атанды

2 163 рет оқылды15.09.2015