Жаңалықтар

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді

Алматыда Батырхан Шүкеновтің «Аманат» альбомының тұсауы кесілді.

«Бұл альбомды кезінде Батыр өзі шығарамын деп әзірленіп жүрген еді. Кей әндер бұрын жазылып қойған. Кей әндер соңғы айларда жазылып жатыр еді. Альбом құлаққа кіріп бойды алатын әндерден тұрады. Ең бір үздік әндер жинақталған. Тыңдаудан жалыққан емеспін. Сіздерге «Аманат» ұнайды деген үміттемін. Осы еңбекті шығаруға көмектескен адамдарға үлкен алғысымды айтамын», — деді Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байқанов.

Альбомға Қуат Шілдебаев, Еркен Ынтықбаев, Ринат Ғайсин, Төлеген Мұхамеджанов, Шәмші Қалдаяқовтың 10 композициясы кірген.

Әншінің досы келер жылы ойға алған жоспарларымен бөлісті.
87f8308f24d868767c31260ae29d86e8
2016 жылдың көктемінде үлкен мәдениет орталығының құрылысы басталады. Ол үшін қажетті жер телімі бөлінді.

«Кешенде дыбыс режиссурасының ұлттық мектебі ашылады. Батыр соны армандаған. Аудио, видео, фото студия ашылады. Орталықта музей мен ескерткіш қойылады», — деді О.Байқанов.

Сондай-ақ Алматы әкімдігінің қолдауымен тағы үш студиялық альбом жарық көреді. Әншінің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм түсіріледі.

8 желтоқсанда Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған кеш өтеді. Оған қазақстандық және ресейлік өнер жұлдыздары қатысады. Онда Батыр әндерін үздік орындаушылар Әсел Қарсыбаева мен Әнуар Мамыров сахнада дуэт болып ән шырқайды. Олардың қандай ән орындайтыны әзірге құпия.

Ақпарат: ҚазАқпарат

Пікір жазыңыз
Жаңалықтар
148 рет оқылды

Бөлімнің басқа жаңалықтары

12277430_118868398480852_1713543647_n

Қайрат Нұртастың туған інісі Бейжіңде бокстан қытайлықтарды тізе бүктірді (фото, видео)

30 рет оқылды04.12.2015
pogudx38q968qjm52g.1a9b1522

Роза Әлқожаны демеушілері концерт алдында “лақтырып” кетті

26 рет оқылды04.12.2015
b4d215062fe39d50d4812ae4c0b99f00

Головкин ESPN рейтингіне наразылығын білдірді

133 рет оқылды03.12.2015
photo_22764

Айтыс ЮНЕСКО-ның мәдени мұраларының тізіміне енді

61 рет оқылды03.12.2015
60574dacd13d9b1a5241641d79c54cdb_cropped_630x350

2015 жылдың үздік фильмі мен үздік әртістері анықталды

81 рет оқылды03.12.2015
20151203114231

Ауыр атлетикадан әлем чемпионына Қызылордадан пәтер берілді

56 рет оқылды03.12.2015