35 жастағы футболшы жанкүйерлер арасында айырмашылық пен Алматының қай тұстары және базардағы жемістердің бағасы туралы пікірін білдірген.
"Алматы мен Санкт-Петербургтағы жанкүйерлер арасында қатты айырмашылық жоқ. "Қайраттың" жанкүйерлері эмоцияға тез беріледі. Көшеде көп көріне бермеймін. Бірақ, мені таныған адамдар селфи жасауды сұрайды.
Әуежайдан түскен кезде таудың көрінісі қатты ұнады. Өйткені, мен бұған дейін таулы аймақта өмір сүрмегенмін. Бірақ, уақыт өте келе оған да көзім үйреніп кетті. Алматының Орталық саябағына көп барамын. Шымбұлаққа да жиіп барып тұрамын. Бір рет әйелім екеуміз Шымбұлаққа барып, тоңғанымыз сонша, тез үйге қайтуымызға тура келді", - дейді Аршавин.
Ол сондай-ақ, қазақтың ұлттық тағамына қатысты да пікір білдірді
"Мен ет тамағын (бешбармақ) жеп көрмедім. Маған ол тамақтың түрі ұнамады. Есесіне жылқы етін көп жедім, өйткені ол Қазақстанда кеңінен таралған. Оны барлық мейрамханаларда береді әрі базардан да оңай сатып ала аласың",-деді ресейлік футболшы.
Қазақстандық эстрада жұлдыздарынан Қайрат Нұртасты танитынын да айтты.
"Қайрат Нұртас - Қазақстандағы ең танымал әнші. Оның Нюшамен (Ресейлік әнші - ред.) айтқан "Алматы түні" деген әнін көп тыңдаймын. Ол расымен де адамға қатты әсер етеді",-деді футболшы.
Ол қазақстандық клубтардың футбол алаңына салғырт қарайтынына ренішін білдірді.
"Шымкентте күн жылы болса алаңды дұрыс бақыламайды. Мысалы, Талдықорған мен Алматының ауа-райы арасында қатты айырмашылық болмағанымен, ол жердің футбол алаңы тіптен жаман. Орал және Атырау сынды қалаларда қолдан жасалған алаңдарда футбол ойнауға тура келеді"-деді Аршавин.
Андрей Аршавин бұған дейін "Зенит", "Арсенал", "Кубань" сынды клубтарда өнер көрсеткен. Сонымен қатар, Ресей ұлттық құрамасы сапында 2008 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесіне қол жеткізген. 2016 жылдың сәуір айынан бері алматылық "Қайраттың" ойыншысы.

Пікірлер