Бакуде күрестен «Алтын Гран-при» финалы өтті. Финалда қазақстандық Алмат Кебісбаев 59 келіге дейінгі салмақта Өзбекстандық Елмұрат Тасмұрадовты 8:0 есебімен жеңіп, «Голден Гран-при» жеңімпазы атанды.

Бұл турнирге қатысқан тағы бір балуанымыз Нұрмаxан Тінәлиев күміс жүлдеге ие болды. Ол 130 кг дейінгі ақтық белдесуде кілем қожайыны Сабах Сариатиге 3:7 нәтижесімен есе жіберді.


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS