Продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева жігіттерден тұратын жаңа тобын таныстырды. Жаңа топтың мүшелері «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Түнгі студияда» бағдарламасында белгілі болды.
Instagram парақшасында продюсер топ мүшелерінің есімдерін атады. Олар Ержан Мұқатаев, Ербол Салықбаев, Әсет Арыстанбек пен Хамит Сатаев. Есентаева жуырда бұл топтың бейнебаяны жарыққа шығады деп сөз берді.
Айта кетейік, «Алау» тобының толық құрамы соңғы күндерге дейін құпия сақталды.




Ақпарат: tengrinews.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS