Баян Есентаеваның артынша Асқар Жұмаділдаев та $1000 сыйақы жариялады, — деп хабарлайды Baistars.kz «Қамшы» порталына сілтеме жасап. Алайда академик байқауды білім қуған жастар арасында ұйымдастырып отыр. Академик Асқар Жұмаділдаев «Алгоритм» журналына берген сұхбатында математикадан мықты оқушыларға теңдеу жасырған. Теңдеуді шешкен оқушыға $1000 беретінін айтқан.
Ғалым х!+1=y2 деген теңеу жасырып, осы теңдеудің бүтін шешімдерін табу керек дейді. Ғалымның өзі есептің: х=4, y=5, x! =24. 24+1=25 және x=5, y=11, 5!+1=120+1=121 деген екі шешімін айтып берген.
«Үшінші шешімі бар, балалар соны тапса деймін. Төртінші шешімі бар ма, жоқ па? Төртінші шешімін тапқан балаға 1000 $ сыйақы беремін. Егер менің 60 жылдық мерейтойыма орай төртінші шешімді табатын талантты бала табылса, онда маған үлкен сыйлық болар еді», — дейді академик.
Айта кетейік, академик 60 жасқа 2016 жылы 25 ақпанда толады. Үміткерлер осы мерзімге дейін теңдеуді шешуі тиіс.
Естеріңізде болса, Баян Есентаева да Инстаграм желісінде сайыс ұйымдастырып жатыр. Шарт бойынша үміткер моңғол баланың әнін айнытпай қайталауы тиіс. Жеңген адамға продюсер 1000$ беретінін айтқан.


Балгерим
11.02.2016 , 15:02
Сәлеметсіз бе. Егер шешуін тапқан жағдайда оны қайда жібере аламыз?
Webber
11.02.2016 , 17:48
Оны 4 ші шешімін табу оңай емес) Егер оны табатын болсаң, демек миллион доллардың есебін шешкен боласың)))) Оңай жерде ақша жоқ)
Гауһар
11.02.2016 , 17:17
Құрметті сайт әкімшілігі! Есепті шығарып қай адреске жолдауға немесе қай телефон арқылы хабарлауға болатынын анықтап берсеңіздер деген өтінішіміз бар.
Webber
11.02.2016 , 17:49
x=7, y=71, 4ші шешімін табыңыздар) Сәттілік!
.
11.02.2016 , 18:20
Есеп қате басылып кетіпті. Дұрысы: x!+1=y^2. Бұндағы y^2 дегеніміз y-тің квадраты. Мысалы, 3^2=9, 7^2=49, 8^2=64. Бұл есептің үш шешімі белгілі: (x,y)=(4,5), (5,11),(7,71). Төртінші шешімін табу керек.
Асқар Жұмаділдаев 60-қа 2016 жылдың 25 ақпан күні толады.
baistars
12.02.2016 , 00:31
«Алгоритм» журналына хабарласыңыздар.
Елдар
12.02.2016 , 00:32
Мен жауабын тапкатып, бирак дурыс па билмеймин. Есепти кай сайтка жиберу керек?
Айдын
12.02.2016 , 11:51
Елдар ол қалай? жауабын тапсаң айнымалылардың орнына қойып тексере салмайсың ба? қалжыңбассың ғой!
Мақсат
12.02.2016 , 12:43
Жауабын ғана табу керек пе? Немесе шығарылу жолын да көрсету керек пе?
baistars
12.02.2016 , 13:29
Толығырақ http://zhasorken.kz/?p=14537 осы сілтеме арқылы біле аласыздар.