Ғаламтор жұлдызына айналған МС Сайлаубек енді жарнамаларға түседі. Тіпті видеолардың бірі ғаламторға шығып үлгерді.
Аяқ киім дүкенінің екі жылдық мерекесіне орай рэпер ерекше композицияларының бірін орындаған.
Ескеріңізге сала кетсек, Сайлаубектің ең алғашқы видеосы 2015 жылдың ақпан айында шыққан. Кейіннен ғаламторда жаңа жұлдызға немесе барлығы MC деп атаған Сайлаубекке байланысты “күлкілі” видеолар мен пародиялар көп тарала бастады.
Сонымен қатар «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде рэпердің жанкүйерлер парақашасы ашылды. Ал «Орда» тобы Сайлаубекті концертте өздерімен бірге өнер көрсетуге шақырды.
Қазіргі таңда Қазнет қолданушылары екі түрлі пікірде. Бірі атыраулықлық репэрдің өнеріне тәнті, ал екінші жақ психикалық аурумен ауыратын адамды елдер мазақ етіп жүргеніне ашулы.







Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS