Ресейлік әріптестері Жасмин, Анна Седокова, Кети Топурияның ізін қуып, қазақстандық әншілердің бірқатары да дизайнер ретінде танылып жүр. Назарларыңызға киім дизайнері саласында бағын сынап жүрген отандық әншілерді ұсынамыз.
Луина



Әнші Луина киім дизайнері ретінде де танылып жүр. Оның киімдер желісі Lui Boom by LUINA деп аталады және көбіне әншінің стиліндегі киімдер ұсынады. Сондықтан, егер сізге Луинаның стилі ұнайтын болса, онда дәл соныкіндей көйлек, белдемше немесе кроп-попқа тапсырыс берсеңіз болады. Луина бұл қызығушылығын тек хобби деп қабылдайды және өзін дизайнерлер қатарына жатқызбайды. Әріптестері әншіні белсенді қолдайды және Lui Boom by LUINA-дан киімдер сатып алып қана қоймай, киімдерді жарнамалайтын модель ретінде шығып жүр.
Дария Ақпарова



Әнші Дария Ақпарова мамандығы бойынша киімдер дизайнері. Дария өмір бойы музыкамен айналысуды қалап келген, дизайнерге оқуды ата-анасы мәжбүрлепті. Бірақ Дария бұған еш өкінбейді, ол сахналық киімдері мен бейнелерін көбіне өзі жасайтын. Уақыт өте келе Дария өзін киімдер дизайнері саласында өз бағын сынап көреді. 2014 жылы ол Open Way жас дизайнерлер байқауына қатысып, топтамасын Kazakhstan Fashion Week шарасында көрсетуге мүмкіндік беретін төрт финалистің қатарына кірді. Ол ұсынатын киімдер қарапайым, ыңғайлы және үйлесімді. 2016 жылдың көктем-жаз айларына арналған топтамасында трасформер-жейделер, кең сарафандар және кең жеңді жакеттер кірді.
Лидо



Әнші Лидо дизайнер ретінде KFW шарасына 2012 жылы қатысты. Лидо дизайнер болып, отбасылық істі жалғастыруды әрдайым армандаған. Әншінің анасы тігінші болып істеп, кішкентай Лидоны жиі өзімен бірге алып жүрген. Сонда әнші алдымен қуыршақтарына, кейін өзіне киімдер тігіп үйрене бастаған. Lido киімдерінің басты ерекшелігі биязы стиль, әнші әйелдерді көйлек пен белдемшені жиі киюге шақырады.
Дереккөз, суреттер: comode.kz


Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS