Гостиницы в Алматы
2017-06-20 12:32:11 29 0

Қазақстандық Зарина Дияс Ұлыбританияның Манчестер қаласында мәреге жеткен ITF турнирінде жеңімпаз атанды.

Әлемнің 207-інші ракеткасы З.Дияс финалда дүниежүзілік рейтингте 101-інші орында тұрған сербиялық Александра Круничті 6:4, 6:4 есебімен ұтты. Сөйтіп, Зарина жүлде қоры 100 мың АҚШ доллары болатын Манчестер турнирінде жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жайында dodasport.kz мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Зарина жартылай финалда әлемнің 115-інші ракеткасы, ұлыбританиялық Наоми Брэдиді 6:3, 6:4 есебімен жеңген болатын. Кезінде З.Дияс көп ұзамай басталатын «Үлкен дулыға» жарысының бірі — Уимблдон турнирінің төртінші айналымына дейін жеткен еді.

Пікір жазу