Гостиницы в Алматы
2016-03-29 14:15:30 396 0

Жас әнші Дидар Каден Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк өнері колледжінің музыкалық басқарушысы болып тағайындалды. Дидар Каден Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденованың ұлы. Өткен жылы қараша айында әнші әрі актер Дидар Каден  бюти блогер Айым Алтынбековаға үйленген болатын.

Айта кетейік, Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін 1965 жылы Алматыда "Қазақконцерттің" жанынан Г. Ғалиева ұйымдастырған болатын. Алғашқы кезде ол эстрада және цирк өнері студиясы деп аталды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін  осында ұстаздық қызмет жасаған әнші Жүсіпбек Елебековтың есімімен 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі болып,  кейін республикалық мәртебеге ие болды. Эстрада және цирк өнері  әртістерін даярлайтын өнер ордасы түлектерінің арасынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Балтабек пен Раиса Жұмағұловтар сияқты көптеген қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары шықты.

 

Пікір жазу