Жаңалықтар
Тележүргізуші Жанат Бақыттан отбасы бақытына жетелейтін 12 кеңес
- Әйел адам жатарда және ұйқыдан оянған соң 15 минутын өзіне арнауы керек;
- Балаларды еңбектенуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге шақыру керек;
- Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелеуі тиіс;
- Заман талабы болса да, айфон, айпад дегенді балаға ұстатпау керек, оның орнына ертегі оқып, кітаптар сатып әперіңіз;
- Әйел адам еркектен бір саты төмен тұруы керек;
- Елдің алдында «күйеуімнің қолынан түк келмейді, осыны адам қылған мен» деген әңгімелерді әйел адам ешқашан айтпаған жөн. Тура сондай болған күннің өзінде де;
- Ер адам ерте тұрғанда әйел адам тырайып ешқашан ұйықтап жатпауы керек. «Таңғы ас-тәңірден» деп ата-бабамыз таңғы асын отбасымен ішкен;
- Болашақ ана, баласының дені сау, отбасын бақытқа бөлеймін десе, денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек;
- Еркектер боянған, күтінген әйелдерге сұқтана қарайды. Сондықтан әйел адам әрдайым әдемі, күтінген күйде жүруі тиіс;
- Ер адам быттиып семірген әйелден шаршайды, фитнесске жазылып өзіңді күту — бірінші кезекте.
- Еркек ұрысса үндемей құтылу ләзім. Олар долы әйелдерді ұнатпайды. Кейде «сенікі жөн» деп алдай салумен де бар мәселе шешіледі;
- Әйел адам үйде отырып зерігіп, жаман ойға беріліп, қызғаныштың жетегіне кетпес үшін – жұмыс істегені дұрыс.
Facebook
Twitter
Instagram
ВКонтакте
YouTube
RSS